«Азық-түлік келісім-шарт корпорациясы» ҰК» АҚ күнбағыс пен күнбағыс майын үш жақты форвардтық сатып алу шеңберінде көктемгі егіс жұмыстарын жүргізу үшін АӨК субъектілерін қаржыландыруға өтінімдерді қабылдаудың басталғаны туралы хабарлайды.
Сонымен қатар, ағымдағы жылы күнбағыс жеткізілгеннен кейін төленетін қосымша төлем сомасын ескере отырып, үш жақты форвардтық сатып алуды қаржыландыру көлемі шамамен 2 млрд теңгені құрайтынын атап өтеміз.
Қаржыландыруды әділ бөлу мақсатында әлеуетті жеткізушілердің барлық өтінімдері облыс әкімдіктері жанындағы үйлестіру кеңестеріне бекітуге жіберілетін болады.
Үш жақты форвардтық сатып алу арқылы
сатып алынатын күнбағыс құны
Үш жақты форвардтық сатып алу арқылы
сатып алынатын күнбағыс майының құны
ҚҚС-пен – ҚҚС төлеушілер үшін.
ҚҚС-сыз – ҚҚС төлемеушілер үшін.
Үш жақты форвардтық сатып алуды «Азық-түлік келісім-шарт корпорациясы» ҰК» АҚ мынадай тәртіппен жүзеге асыратын болады:
1) «Азық-түлік келісім-шарт корпорациясы» ҰК» АҚ пайдасына өңдеуші кәсіпорынмен қамтамасыз етуді (Екінші деңгейдегі банктің немесе Әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорацияның кепілдігі) ұсынғаннан кейін күнбағыс жеткізгені үшін ауыл шаруашылығы тауарын өндірушіге (бұдан әрі – АШТӨ) одан әрі аванс беру үшін қайта өңдеуші кәсіпорынға алдын ала төлем (төлем құжаттарымен расталады);
2) АШТӨ-ні одан әрі төлеу үшін күнбағыс жеткізілгеннен кейінгі күзгі кезеңде қайта өңдеуші кәсіпорынға (қабылдау-беру актісімен және/немесе астық қолхатымен расталады) күнбағыс құны мен күнбағыс үшін алдын ала төлемнің арасындағы айырмаға қосымша ақы төлеу (төлем құжаттарымен расталады);
3) Күнбағыс майын «Азық-түлік корпорациясы «ҰК» АҚ өтінімі бойынша үш жақты форвардтық сатып алу шартына қосымшада бекітілген қайта өңдеу кестесіне сәйкес жеткізу немесе қайта өңделмеген күнбағыс құнынан ақшалай қаражатпен қайтару +3% сыйақы (тұрақты нарықта).
Міндеттемелерді орындау мерзімі, қаражатты мақсатты пайдалану және форвардтық сатып алуды қаржыландыру туралы толығырақ ақпарат тіркелген файлда берілген.
Қосымша ақпаратты келесі мекенжайлар мен телефондар арқылы алуға болады:
Ақмола, Қарағанды, Ұлытау облыстарының әлеуетті өнім берушілеріне: Көкшетау қаласы, Н. Назарбаев даңғылы, 19, тел. 8 (7162) 55-11-51, 55-11-54, 42-25-22.
Абай, Шығыс Қазақстан, Павлодар, Жетісу және Алматы облыстарының әлеуетті өнім берушілеріне өтініш: Өскемен қаласы, Бейбітшілік көшесі 30 (206 кеңсе), тел.8 (7232) 25-95-67, 56-06-57.
Ақтөбе, Батыс Қазақстан және Қостанай облыстарының әлеуетті өнім берушілеріне: Қостанай қ., Тәуелсіздік к-сі, 147, тел. 8 (7142) 53-11-44, 53-12-44, 54-28-20.
Солтүстік Қазақстан облысының әлеуетті өнім берушілеріне өтініш: Петропавл қ., Партизан көшесі 160, тел. 8 (7152) 55-11-60, 42-22-66.