“Азық-түлік келісім шарт корпорациясы “ҰК” АҚ Басқарма төрағасы Асылхан Джувашев Qingdao Wanlin Group компаниясының Басқарма Төрағасы және негізін қалаушы Ли Янтао мырзамен кездесті. Тараптар ауыл шаруашылығы өнімдерін өсіру және өнімді қайта өңдеу тұрғысында ынтымақтастық мүмкіндіктерін талқылады.
Қытайлық компания Қазақстан аумағында көкөніс өндіруге және одан әрі экспорттауға мүдделі.
Компанияның азық-түлік бизнесі кептірілген көкөністерді өндіруге және экспорттауға бағытталған. Олардың өнімдері АҚШ, Еуропа және Таяу Шығыс елдеріне экспортталады. Компания “Nestle”, “KraftHeinz”, “Kerry”, “European Spice Services”, “Unilever” және басқа да әлемдік брендтердің ресми серіктесі болып табылады.