«Азық-түлік келісім шарт корпорациясы» ҰК» АҚ Басқарма төрағасы Асылхан Джувашев Ауыл шаруашылығы министрлігінде өткен «Аграрлық салада Мемлекет басшысының Жолдауында көзделген реформаны жүргізу» мәселелеріне арналған кеңеске қатысты. Іс-шара аясында ол Корпорация қызметінің 2023 жылғы қорытындысы мен биылғы жылға арналған жоспарларын, сондай-ақ Мемлекет басшысының тапсырмаларын іске асыру бағытындағы жоспарларды таныстырды.
Кездесуде ҚР Ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаров, ҚР Парламенті Сенатының депутаттары және басқа да аграрлық сала ұйымдарының басшылары Президент Жолдауында жүктелген міндеттерді іске асырудың жолдарын талқылады.