«Азық-түлік келісімшарт корпорациясы» ҰК» АҚ (бұдан әрі – Корпорация) жалғыз акционері – Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі 2022 жылғы 31 мамырда 2 418,67 млн.теңге көлемінде дивидендтер төлеу туралы шешімді бекітті, бұл Корпорацияның 2021 жылғы қызметінің қорытындылары бойынша таза кірістің 70%-ын құрайды.
2020 жылғы 12 маусымда Корпорация акцияларының 100% пакеті республикалық меншікке берілді, тиісінше Корпорация акцияларының мемлекеттік пакетін иелену және пайдалану құқығы Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігіне тиесілі.
Дивидендтер 2022 жылғы 31 тамызда ақшалай қаражатты республикалық бюджетке аудару арқылы жүргізілді.