«Азық-түлік келісімшарт корпорациясы» ҰК» АҚ класқа жатпайтын бидайды сатып алуға өтінім қабылдап жатыр. Қазіргі уақытта өсімі 50%-дан артық емес мал жемін тоннасына 50 мың теңге бағамен Азық-түлік корпорациясына сататын мүмкіндік бар.
Бүгінгі таңда 377 мың тонна бидайды тікелей сатып алуға 491 диқаннан 724 өтінім түсті. Бұл шамамен 29 млрд теңгенің өнімі. Орташа алғанда, әр диқан 769 тонна бидай сатуға өтініш берді. Бағдарламаның негізгі қатысушылары шағын және орта шаруа қожалықтары болып табылады.
Астықтың сапасына мән бере отырып, бағаны белгілеудің арқасында мемлекеттен бөлінген қаржы үнемделді және көптеген шаруа бағдарламаға қатысуға мүмкіндік алды. Азық-түлік корпорациясы астықты тікелей фермерлерден сатып алып жатыр, бұл трейдерлер мен делдалдарды жеңудің жолы.
Азық-түлік корпорациясының серіктестерінің бірі, Қостанай облысының “Пфунт” ШҚ басшысы Татьяна Пфунт бірнеше өтінім берген. Ол азық-түлік корпорациясы командасының тиімді жұмысының арқасында өтінімдерді қабылдаудың барлық процесі барынша ашық және жедел болғанын атап өтті.
Естеріңізге сала кетейік, Мемлекет Азық-түлік корпорациясы арқылы қолайсыз ауа-райынан зардап шеккен фермерлерге қолдау көрсетеді.