Азық-түлік келісімшарт корпорациясының басқарма төрағасы Асылхан Джувашев ағымдағы жылдың қорытындысы талқыға түскен “Asia Grains&Oils Conference: Results of 2023” халықаралық конференциясына спикер ретінде қатысты.
Джувашевтің айтуынша, азық-түлік корпорациясында 1 млн тоннадан астам астық бар, оның 500 мың тоннасы жоғары сапалы астық қоры және 200 мың тонна жем қоры.
“Мәселен, 1 сұрыпты ұн мен әлеуметтік нанның бағасын тұрақтандыру шаралары аясында ұн тартушыларға 2022 жылы – 249,5 мың тонна, ал 2023 жылы (04.12.23 жылғы жағдай бойынша) –тоннасы 90 мың теңгеге 70,8 мың тонна жоғары сапалы бидай сатылды. Келесі жылы Азық – түлік корпорациясы 200 мың тонна астықты диірмендерге, 150 мың тонна мал және құс шаруашылықтарына қарастырады”, – деп атап өтті Асылхан Джувашев.
Іс-шараға әлемнің 14 елінен 150 делегат қатысып, 2023/24 жаңа маусымының сын-қатерлері мен перспективаларын талқылап, пікір алмасты.