Азық-түлік корпорациясы биылғы жылы ауыл шаруашылығы өнімдерін форвардтық сатып алуды аяқтады. Бағдарламаны іске асыру қорытындысы бойынша 21,2 млрд теңге сомасына 216 шарт жасалды. Келісімшарт жасалған өнімнің жалпы көлемі 292,2 мың тоннаны құрады, оның ішінде бидай, арпа, қарақұмық, күріш, зығыр және күнбағыс тұқымдары, сондай-ақ рапс бар.
Айта кетейік, Азық-түлік корпорациясы биыл Қызылорда облысының ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерінен алғаш рет 1,2 млрд теңгеге 6 мың тонна көлемінде күріш жармасын сатып алды.
Сонымен қатар, тауарлық кредиттер беру бағдарламасын іске асыру жалғасып жатыр. Бүгінгі таңда Азық-түлік корпорациясы 526 мың тонна бидай мен арпаға 80 шарт жасады.
Тауарлық несие беру механизмі фермерлерге Азық-түлік корпорациясының астығын осы мақсаттарға өз қаражатын салмай-ақ өндірістік жоспарларын жүзеге асыру үшін пайдалануға мүмкіндік береді.