Ағымдағы жылы «Азық-түлік корпорациясы» ҰК» АҚ ауыл шаруашылығы өнімдерін форвардтық сатып алу және мақсатты тауарлық кредит беру шеңберінде көктемгі егіс жұмыстарын жүргізу үшін АӨК субъектілерін қаржыландыруды жүзеге асыратын болады.
Бірінші, дәстүрлі көктемгі-жазғы форвардтық алғытөлем.
- Форвардтық сатып алу шарттары 2021 – 2022 жылдардағы форвардтық сатып алу шарттары бойынша міндеттемелерді орындаған және 01.01.2023 ж. жағдай бойынша Корпорация алдында берешегі жоқ АШТӨ-мен жасалады.
- Форвардтық сатып алу бойынша шарт жасасу кезінде қаржыландыру сомасын есептеу Корпорацияның өзге бағдарламалары шеңберінде қаржыландыру алу кезінде мәлімделген егіс алаңын шегергендегі АШТӨ-нің 1 тонна егіс алаңының 1,5-2 гектарына арақатынасы негізге алына отырып жүргізіледі.
- Корпорациямен форвардтық сатып алу шартын жасасу үшін әлеуетті өнім берушілер растайтын құжаттармен бірге Корпорацияның облыстық өкілдіктеріне өтінімдер береді (Корпорацияның облыстық өкілдіктерінің мекенжайлары www.fcc.kz.сайтында жарияланған).
Форвардтық сатып алуды қаржыландыруды Корпорация мынадай тәртіппен жүзеге асырады:
- алдын ала төлем сомасы ӘКК немесе ЕДБ кепілдігі берілгеннен кейін төленеді;
- күзгі кезеңде қосымша ақы төлеу ауыл шаруашылығы өнімін жеткізгеннен кейін жүзеге асырылады.
Бұл ретте Корпорация егін жинау кезеңінде АШТӨ-нің алдын ала төлем сомасын өтеусіз пайдалануын және нарықты тұрақтандыру қажеттілігін ескере отырып, сатып алу бағаларын белгілейтін болады.
Форвардтық сатып алу шарттары бойынша міндеттемелерді орындау мерзімдері:
- жұмсақ бидайды (Triticum aestivum L.), қатты бидайды (Triticum durum Desf.), арпа, қарақұмық, майлы зығыр тұқымы, рапс – 2023 жылғы 01 қарашаға дейін, қоса алғанда;
- күнбағыс жеткізу кезінде – 2023 жылғы 15 қарашаға дейін, қоса алғанда.
Мақсатты пайдалану. Форвардтық сатып алу шарттарын жасасқан АШТӨ қаражаттың мақсатты пайдаланылуын 2023 жылғы 1 шілдеге дейінгі мерзімде Корпорацияға (облыстық өкілдіктерге) «Егін егу қорытындылары туралы есеп» 4-статистикалық нысанының (жылдық) көшірмелерін ұсыну жолымен растауға тиіс.
2023 жылға арналған ауыл шаруашылығы өнімі үшін алдын ала төлем мөлшері мынадай мөлшерде айқындалған:
- жұмсақ және қатты бидай – ҚҚС-мен 70 000 теңге (ҚҚС-сыз 62 500);
- арпа – ҚҚС-мен 50 000 теңге (ҚҚС-сыз 44 640);
- қарақұмық және күнбағыс – ҚҚС-мен 100 000 теңге (ҚҚС-сыз 89 280 теңге);
- майлы зығыр және рапс тұқымдары – ҚҚС-пен 90 000 теңге (ҚҚС-сыз 80 350).
Сонымен қатар, ағымдағы жылы Корпорацияның дәнді және майлы дақылдарды форвардтық сатып алуды қаржыландыру көлемі ауыл шаруашылығы өнімін жеткізгеннен кейін төленетін қосымша төлем сомасын есепке алмағанда 20 млрд.теңгені құрайтынын атап өтеміз.
АШТӨ арасында қаржыландыруды әділ бөлу мақсатында 2023 жылғы форвардтық сатып алу бағдарламасына әлеуетті қатысушылардың барлық өтінімдері облыстар әкімдіктері жанындағы Үйлестіру кеңестеріне бекітуге жіберілетін болады.
АӨК субъектілерін қолдаудың екінші құралы Корпорацияның мақсатты тауарлық кредит беруі болып табылады.
- Тауарлық кредит есебінен АШТӨ одан әрі сату мақсатында Корпорациядан астық алады. АШТӨ түскен қаражатқа КДЖ жүргізуі керек.
- Көктемгі егіс жұмыстарын жүргізуге тауарлық кредит беру ӘКК және ЕДБ кепілдігімен жүзеге асырылады.
- Тауарлық кредитті АШТӨ Корпорацияның өзге бағдарламалары шеңберінде қаржыландыру алу кезінде мәлімделген егіс алаңын шегергенде, 1,5 гектар егіс алаңына 1 тонна АШТ есебімен береді.
- Тауарлық кредитті қайтару мерзімі – 2023 жылғы 1 қарашаға дейін. Тауарлық кредитті пайдаланғаны үшін заттай мәндегі комиссияның мөлшері пайдалану мерзіміне байланысты шартта белгіленетін болады.
- Корпорациямен тауарлық кредит беру туралы шарт жасасу үшін әлеуетті өнім берушілер растайтын құжаттармен бірге Корпорацияның облыстық өкілдіктеріне өтінімдер береді (Корпорацияның облыстық өкілдіктерінің мекенжайлары www.fcc.kz сайтында жарияланған).
АШТӨ арасында тауарлық кредитті әділ бөлу мақсатында әлеуетті өтініш берушілердің 2023 жылғы форвардтық сатып алу бағдарламасына ұқсас барлық өтінімдері облыстар әкімдіктері жанындағы Үйлестіру кеңестеріне бекітуге жіберілетін болады.
Мақсатты пайдалану. АШТӨ 2023 жылғы 1 шілдеге дейінгі мерзімде Корпорацияға (облыстық өкілдіктерге) «Егін егу қорытындылары туралы есеп»4-статистикалық нысанының (жылдық) көшірмелерін ұсынады.
Тауарлық кредиттің көлемі берілген өтінімдердің саны мен көлеміне қарай айқындалатын болады.
2023 жылғы ауыл шаруашылығы өнімдерін форвардтық сатып алу, сондай-ақ көктемгі егіс жұмыстарын жүргізуге тауарлық кредит беру шарттарымен Корпорацияның www.fcc.kz ресми интернет-порталында толығырақ танысуға болады.