Ақтау қаласында өткен «Солтүстік-Оңтүстік» халықаралық сауда-экспорттық форумы аясында сауда министрі бастаған Ауғанстаннан келген үкіметтік делегациямен кездесу өтті. Азық-түлік корпорациясының төрағасы мен ауған делегациясы Қазақстаннан Түрікменстан арқылы Ауғанстанға астық жеткізу перспективаларын талқылады.
Осы бағыттағы ауыл шаруашылығы өнімдерін Қазақстан-Түрікменстан шекарасына шығатын Бейнеу астық терминалы арқылы экспорттау жоспарлануда.
Сондай-ақ, Ауғанстаннан келген үкіметтік делегация қазақстандық ауыл шаруашылығы өнімдерінің Ауғанстан арқылы Пәкістан мен Парсы шығанағы елдері бағытында транзитін қамтамасыз етуге жәрдемдесуге дайын екендігі туралы хабардар етті.