ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Серік Жұманғарин, «Азық-түлік келісімшарт корпорациясы» ҰК» АҚ Басқарушы директоры Сағат Төлеу және ауыл шаруашылығы саласының басқа да басшылары Қостанай облысына жұмыс сапарымен барды. Олар егін жинау жұмыстарының барысымен, ауыл шаруашылығы өнімдерін қабылдау, кептіру және сақтау жөніндегі қызметпен, диірмен кешені, сүт-тауар фермасы құрылысының барысымен танысты, сондай-ақ облыстың ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерімен кездесулер өткізді.
Биыл Қостанай облысында 4,3 млн га. алқапқа бидай егілді. Соңғы ақпарат бойынша 3,7 млн тонна астық бастырылды, облыс бойынша орташа өнімділік 13 ц/га.
Шаруа қожалықтарының басшыларымен кездесу аясында саладағы жобаларды қаржыландыруға қатысты мәселелер талқыланды. Сағат Төлеу форвардтық сатып алу бағдарламаларының іске асырылу барысы және тауарлық несие туралы айтып, өңір диқандарынан жыл сайын форвардтық сатып алу бағдарламасына қатысуға көптеген өтінімдер келіп түсетінін айтып, фермерлердің сұрақтарына жауап берді.
Талқылауға қатысушылар тиімді егін жинау науқанын қамтамасыз ету үшін барлық мүдделі тараптардың тығыз өзара іс-қимыл жасау қажеттігін атап өтті.
Напоминаем, что Продкорпорация имеет областное представительство по адресу: г. Костанай, ул. Тәуелсіздік, 147, тел.: (8-714-2) 53-11-44, 53-12-44, 54-28-20. По всем интересующим вопросам можно обращаться в региональное представительство.
Естеріңізге сала кетейік, Қостанай қаласы, Тәуелсіздік к., 147, тел. (8-714-2) 53-11-44, 53-12-44, 54-28-20 мекенжайы бойынша Азық-түлік корпорациясының облыстық өкілдігі орналасқан. Барлық сұрақтар бойынша өңірлік өкілдікке хабарласуға болады.