Қазақстан мен Ресейдің XIX өңіраралық ынтымақтастық форумы аясында «Қазіргі жағдайда азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету» тақырыбында панельдік сессия өтті.
Панельдік сессияда «Азық-түлік келісім шарт корпорациясы» ҰК» АҚ Басқарма төрағасы Асылхан Джувашев Азық-түлік корпорациясының Қазақстанның азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етудегі рөлі туралы айтты.
Спикердің айтуынша, азық-түлік корпорациясы диқандарға форвардтық сатып алу және тауарлық несие құралдары арқылы қаржылық қолдау шараларын көрсетеді, астықтың резервтік қорын және жем-шөп қорын сақтайды және басқарады, сондай-ақ интервенциялық сатып алулар мен тауарлық интервенциялар жүргізу арқылы ішкі астық нарығын тұрақтандырады.
Сессия қорытындысы бойынша оның қатысушылары тәжірибе алмасып, ауыл шаруашылығындағы азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етуге көмектесетін озық тәжірибелер жөнінде пікір алмасты.
Сондай – ақ, сарапшылар Қазақстан мен Ресейдің ЕАЭО-да азық-түлік қауіпсіздігі бойынша көшбасшы болуға барлық мүмкіндігі бар екендігін айтты. Өйткені елдер арасында логистика да, тауар айналымы да жақсы жолға қойылған.