«Қырғыз Республикасына ресми гуманитарлық көмек көрсету туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 15 ақпандағы №61 қаулысын орындау шеңберінде, «Азық-түлік келісім-шарт корпорациясы» ҰК» АҚ 2022 жылдың ақпан айында 1000 тонна көлемінде бидай тұқымын жөнелтті.
Қырғыз Республикасының Төтенше жағдайлар министрлігі жанындағы мемлекеттік материалдық резерв қоры ресми гуманитарлық көмекті алушы болып табылады.
Қырғыз Республикасындағы тағайындау пунктіне дейін гуманитарлық жүктері бар алғашқы вагондарды жеткізу барысына Қырғыз Республикасының Ауыл шаруашылығы министрі А.С. Джаныбеков және Қырғыз Республикасындағы Қазақстан Республикасының елшісі Р.С. Жошыбаев қатысты.