«Азық-түлік келісім-шарт корпорациясы» ҰК» АҚ Қостанай қаласы, Тәуелсіздік көшесі 147 мекенжайы бойынша орналасқан, жалға беру үшін бос ауданы 25,1 ш.м. (2 қабат) болатын, «Азық-түлік келісім-шарт корпорациясы» ҰК» АҚ-қа тиесілі кеңселік орынжайларды мүліктік жалдауға (жалға алуға) беру бойынша тендер өткізетіні туралы хабарлайды.
Тендер 2023 жылғы 17 мамырда Астана қ. уақытымен сағат 10.00-де өтеді.
Тендерге қатысу өтінімдері 2023 жылдың 17 мамыріне Астана қ. уақытымен сағат 08.00-ге дейін және Қостанай қаласы, Тәуелсіздік көшесі 147 мекен-жайы бойынша кепілдік жарна түскеннен кейін қабылданады.
Тендерге қатысушылар кемінде бір айлық жалдау ақысын құрайтын сома көлемінде кепілдік жарна төлейді және мынадай деректемелер бойынша төлейді:
- KZ786010111000331641;
- БСК: HSBKKZKX;
- Банктің атауы: «Народный банк Казахстана» АҚ;
- БСН: 950440000101;
- Төлемді алушы «Азық-түлік келісім-шарт корпорациясы» ҰК» АҚ;
- өткізу күні – 2023 жылғы 17 мамыр;
- өтетін орны – Қостанай қаласы, Тәуелсіздік көшесі 147;
- ең төменгі ай сайынғы жалдау ақысы – коммуналдық төлемдерді, оның ішінде ҚҚС-ты қоса алғанда, 1 ш.м. үшін 2 000 (екі мың) теңге есебінен айқындалады. Қалалық, қалааралық, халықаралық байланыс және интернет желісіне қол жетімдік қызметтері жалға алушының есебінен төленеді;
- ең аз жалдау мерзімі – кемінде үш ай;
- кепілдік жарна – кемінде бір айлық жалдау ақысын құрайтын сома;
- төлем нысаны – қолма-қол ақшасыз есеп айырысу;
Тендерге қатысуға өтінімдер мыналарды қамтуы тиіс:
- Қатысушының тендерге қатысуға келісімін және оның тендер шарттарын орындау және тиісті шарт жасасу жөніндегі міндеттемелерін қамтитын тендерге қатысуға өтінім;
- Желімделген конверттегі тендердің шарттары бойынша ұсыныстар;
- Заңды тұлғалар үшін – салыстыру үшін түпнұсқасын міндетті түрде көрсете отырып, заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы анықтаманың немесе куәліктің көшірмелері, құрылтай құжаттары (құрылтай шарты және/немесе жарғы) не көрсетілген құжаттардың нотариалды куәландырылған көшірмелері;
- Дара кәсіпкер үшін – дара кәсіпкерді мемлекеттік тіркеу туралы куәліктің, жеке тұлғаның жеке басын куәландыратын құжаттың, салыстырып тексеру үшін түпнұсқасын міндетті түрде көрсете отырып, мекенжай анықтамасының көшірмелері не көрсетілген құжаттардың нотариалды куәландырылған көшірмелері;
- Жеке тұлғалар үшін – салыстыру үшін түпнұсқасын міндетті түрде көрсете отырып, жеке тұлғаның жеке басын куәландыратын құжаттың, мекенжай анықтамасының көшірмелері не көрсетілген құжаттардың нотариалды куәландырылған көшірмелері;
- АҚ үшін – бағалы қағаздарды ұстаушылар тізілімінен үзінді көшірме;
- ЖШС үшін – серіктестікке қатысушылар тізілімінен үзінді көшірме (серіктестікке қатысушылар жүргізілген жағдайда);
- Шетелдік заңды тұлғалар үшін – мемлекеттік және орыс тілдеріне аудармасы нотариалды куәландырылған құрылтай құжаттары;
- Кепілдік жарнаның аударылғанын растайтын төлем тапсырмасының түпнұсқасы;
- Өтінім берілген сәтке дейін бір айдан кешіктірмей берілген қатысушының салық берешегінің жоқтығы туралы салық органының анықтамасы;
- Екінші деңгейдегі банкте ағымдағы шоттың болуы туралы анықтама.
Бірнеше кеңселік орынжайды жалға алу бойынша өтінім беруге рұқсат етіледі.
Өтінім еркін нысанда жасалады және тендерге қатысушының тендер талаптарымен келісуі туралы шартты, сондай-ақ тендер талаптарында көзделген мерзімдерде шарт жасасу міндеттемесін қамтуы тиіс. Өтінімдер қос конвертте қабылданады. Сыртқы конвертте 1), 3), – 8) – тармақтарда көрсетілген құжаттар болуы тиіс, ішкі конвертте тендерге қатысушының ұсыныстары болуы тиіс. Ішкі конверт өтінім берген сәтте жабық болуы және қатысушы мөрлеуі тиіс.
Өтінімдерді қабылдау тендерлік комиссияның хатшысына тігілген түрде, беттері нөмірленген және соңғы бетін қолымен және мөрімен (жеке тұлға үшін, егер бар болса) куәландыра отырып, құжаттар ұсынылған кезде жүргізіледі.
Кеңсе үй-жайы үшін ең көп жалдау ақысын ұсынған және барлық талаптарға сай келетін тендерге қатысушы тендер жеңімпазы болып танылады. Тендерлік комиссияның шешімі бойынша қатысушылар ұсынған жалдау ақысының сомалары сәйкес келген жағдайда тендерге қатысуға өтінімді бұрын тіркеген тендерге қатысушы тендер жеңімпазы болып танылады.
Тендерге қатысу тәртібі туралы сұрақтар бойынша Қостанай қаласы, Тәуелсіздік көшесі, 147, тел.8 (7142) 542-820, 531-144 арқылы хабарласуға болады.