Азық-түлік келісімшарт корпорациясы форвардтық сатып алу бағдарламасы бойынша қаржыландыру алған аграршылардан 2026 жылғы астықты қабылдауға кірісті. Ауыл шаруашылығы өндірушілерін қолдау мақсатында астық құнының маусымдық төмендеуі аясында ұлттық астық операторы агроөнімге әділ сатып алу бағаларын белгіледі.
2026 жылғы астықтың бір тоннасының құны:
– 3-сыныпты бидай (желімтек 27%+, құлау саны 250-ден бастап) – 115 мың теңге;
– 3-сыныпты бидай (желімтек 25-26%+, құлау саны 200-ден бастап) – 96 мың теңге;
– 3-сыныпты бидай (желімтек 23-24%+, құлау саны 160-тан бастап) – 92 мың теңге;
– 4-сыныпты бидай (желімтек 18%+, құлау саны 80-нен бастап) – 82 мың теңге;
– 5-сыныпты бидай (желімтек 18%+) – 75 мың теңге;
– қатты бидай (мөлдірлігі 60, құлау саны 200-ден бастап) – 90 мың теңге;
– 2-сыныпты арпа – 75 мың теңге.
Биыл агроқұрылымдарды форвардтық қаржыландыруға ұлттық астық операторы 31,9 млрд теңге бөлді.
Ауыл шаруашылығы өнімдерін форвардтық сатып алу бағдарламасы аграршыларды қолдаудың аса сұранысқа ие құралдарының бірі болып қала береді. Бұл фермерлерге көктемгі егіс жұмыстарын жүргізу үшін қол жетімді қаржыландыруды алдын ала алуға мүмкіндік береді және егін жинау науқаны аяқталғаннан кейін болашақ егіннің сатылуына кепілдік береді.
Ауыл шаруашылығы өнімдерін форвардтық сатып алу бағдарламасына қатысушылар қосымша ақпаратты «Азық-түлік келісімшарт корпорациясы» ҰК» АҚ өңірлік өкілдіктерінен алуға болады:
Ақмола облысы: Көкшетау қаласы, Нұрсұлтан Назарбаев даңғылы, 19, тел. (8-716-2) 55-11-53, 55-11-54, 55-11-55;
Шығыс Қазақстан облысы: Өскемен қаласы, Бейбітшілік көшесі, 30, 206-кеңсе, тел. (8-723-2) 56-06-56, 56-06-57;
Қостанай облысы: Қостанай қаласы, Тәуелсіздік көшесі, 147, тел.(8-714-2) 99-05-91, 99-05-92, 99-05-93;99-05-94.
Солтүстік Қазақстан облысы: Петропавл қаласы, Партизан көшесі, 160, тел.(8-715-2) 55-11-60, 55-11-61,55-11-62, 55-11-63, 55-11-64.

