2021 жылғы 15 қазанда “Азық–түлік келісім-шарт корпорациясы “ҰК” АҚ (бұдан әрі-Корпорация) Қоғамдық кеңесінің төрағасы Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты Бауыржан Мейрамбекұлы Сартбаевтың төрағалығымен Корпорацияның Қоғамдық кеңесінің екінші отырысы өтті.
Кездесу барысында Қоғамдық кеңестің тұрақты жұмыс істейтін салалық комитеттерін құру және Қоғамдық кеңестің алдағы кезеңдегі жұмысы туралы мәселелер талқыланды.
Талқылау қорытындысы бойынша Өндірістік істер және ғылым комитеті, Қаржы және бюджеттік бағдарламалар комитеті, Кадр және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес комитеті құрылды, сондай-ақ олардың басшылары мен мүшелері сайланды.