2021 жылдың 29 шілдесінде «Азық-түлік келісім шарт корпорациясы» ҰК» АҚ Қоғамдық кеңесінің алғашқы бірлескен отырысы өтті, кеңес барысында Қоғамдық кеңестің төрағасы – Сартбаев Бауыржан Мейрамбекұлы сайланды.
Жұмыс тобының шешімімен Қоғамдық кеңестің құрамы 11 адам деңгейінде анықталды, оның ішінде 3-уі «Азық-түлік келісім шарт корпорациясы» ҰК» АҚ қызметкерлері.
Отырыс барысында «Азық-түлік келісім шарт корпорациясы» ҰК» АҚ Қоғамдық кеңесі туралы ереже бекітілді.
«Азық-түлік келісім шарт корпорациясы» ҰК» АҚ Қоғамдық кеңесін құрудың мақсаты Корпорация қызметіне қоғамдық бақылауды ұйымдастыру және ашықтықты қамтамасыз ету, азаматтық қоғаммен өзара іс-қимылды дамыту болып табылады.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Жаңа жағдайдағы Қазақстан: іс-қимыл кезеңі» атты Қазақстан халқына Жолдауында квазимемлекеттік секторда қоғамдық кеңестер құру мүмкіндігін қарастыруды тапсырғанын атап өткіміз келеді.
Қазақстан Республикасы Президентінің тапсырмасын орындау мақсатында 2021 жылдың басында заңнамалық деңгейде «Қоғамдық кеңестер туралы» Заңға Қоғамдық кеңес мүшелерінің құқықтары мен міндеттерін кеңейтетін, олардың квазимемлекеттік сектор жұмысына қатысуын қамтамасыз ететін түзетулер қабылданды.