Ағымдағы жылы «Азық-түлік корпорациясы» ҰК» АҚ (бұдан әрі – Азық-түлік корпорациясы) ауыл шаруашылығы өнімдерін форвардтық сатып алу және мақсатты тауарлық кредит беру шеңберінде көктемгі дала жұмыстарын жүргізу үшін АӨК субъектілерін қаржыландырады.
Бүгінгі таңда Азық-түлік корпорациясы ауылшаруашылық өнімдерін форвардтық сатып алу бойынша алғашқы төлемдерді жүзеге асырды. Қаражат әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациялардан қайтаруға тиісті кепілдіктер берген шаруа қожалықтарының есепшоттарына аударылды. Қалған ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерге қаржы ресурстарын төлеу процесі екінші деңгейлі банктерден немесе әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациялардан тиісті кепілдіктер алғаннан кейін жедел түрде жүзеге асырылады. Биыл бұл мақсаттарға барлығы 20 миллиард теңге қарастырылып отыр.
Сонымен бірге, тауарлық несие бағдарламасы аясында жалпы көлемі 520 мың тоннадан астам ауыл шаруашылығы өніміне өтінімдер түскен, оның ішінде 228 мың тоннадан астам ауыл шаруашылығы өніміне өтінімдер облыстардың үйлестіру кеңестерінің қарауына және бекітуіне жіберілді.
Агроөнеркәсіптік кешен субъектілерін қаржыландыру жалғасуда.