Ағымдағы жылы «Азық-түлік корпорациясы «ҰК» АҚ Қызылорда облысының әкімдігімен бірлесіп «Байқоңыр» ӘКК немесе ЕДБ кепілдігімен облыста күріш жармасын форвардтық сатып алу бойынша пилоттық жобаны іске қосады.
Пилоттық жобаның негізгі мақсаты күріш өсіретін АШТӨ-ні қаржылай қолдау болып табылады, бұл фермерлерге шала күрішін өндіру бойынша көктемгі егіс жұмыстарын жүргізуге және осы өнімді одан әрі күріш жармасына өңдеуге мүмкіндік береді.
Сонымен қатар, пилоттық жоба Корорацияға күріш жармасының бағасын тұрақтандыруға мүмкіндік береді.
Күріш жармасын форвардтық сатып алу шарттар Қазақстан Республикасында өсірілген күріш дәнінен күріш жармасын өндіру және күріш дәнін өндіру арқылы АШТӨ-мен жасалады.
Күріш жармасын форвардтық сатып алу бойынша шарт жасасу кезінде қаржыландыру сомасын есептеу 1 тонна АШӨ егіс алаңының 1,5 гектарына арақатынасы негізге алына отырып жүргізіледі.
АШТӨ арасында қаржыландыруды әділ бөлу мақсатында әлеуетті қатысушылардың барлық өтінімдері Қызылорда облысы әкімдігі жанындағы Үйлестіру кеңесіне бекітуге жіберілетін болады.
Корпорациямен форвардтық сатып алу шартын жасасу үшін әлеуетті өнім берушілер растайтын құжаттармен бірге Корпорацияның облыстық өкілдіктеріне өтінімдер береді (Корпорацияның облыстық өкілдіктерінің мекенжайлары www.fcc.kz. сайтында жарияланған).