ҚР Ауыл шаруашылығы Вице-министрі Ә.Ғ. Тамабек «Азық-түлік келісім шарт корпорациясы» ҰК» АҚ Басқармасының жаңа төрағасы Джувашев Асылхан Болатұлын таныстырды.
Сондай-ақ, ол «Азық-түлік келісім шарт корпорациясы» ҰК» АҚ уәкілетті органы Басқарма төрағасы Омаров Сапархан Кесікбайұлы, Басқарма төрағасының орынбасары Қарауылов Қанат Серікұлы мен «Азық-түлік келісім шарт корпорациясы» ҰК» АҚ Басқарушы директоры Бектеміров Әсет Қабайұлының өз қалауы бойынша Басқарма мүшелері ретіндегі өкілеттіктерін мерзімінен бұрын тоқтату туралы өтініштерін оң қарағанын атап өтті.
Ә.Ғ. Тамабек өкілеттігін тоқтатқан Басқарма мүшелеріне олардың жұмысы мен компанияның, еліміздің аграрлық секторының дамуына қосқан үлесі үшін алғыс білдірді.
«Азық-түлік келісім шарт корпорациясы» ҰК» АҚ жаңа басшылығына жаңа бастамаларда сәттілік тіледі.
Омаров Сапархан Кесікбайұлы «Азық-түлік келісім шарт корпорациясы» ҰК» АҚ бүкіл ұжымына бірлескен жемісті жұмысы үшін алғыс айтып, жаңа басшылыққа қойылған мақсаттарына қол жеткізуде табыс тіледі.