«Азық-түлік келісімшарт корпорациясы» ҰК» АҚ Morris Maxim II егіс кешенін толымдаушыларымен бірге Ақмола облысы, Шортанды ауданы, Андреевка ауылы, Машиналық ауланың аумағында орналасқан сату бойынша ағылшын әдісі (бағаны көтеру) бойынша электрондық сауда-саттық өткізілетіні туралы хабарлайды.
Сауда-саттық тізілімнің веб-порталында өтеді (www.gosreestr.kz). Сауда-саттыққа қатысуға өтінім беру тәртібі, сатып алу-сату шартының жобасы, сауда-саттыққа қатысу қағидалары сайтта көрсетілген (www.gosreestr.kz).
Сауда-саттық 2022 жылғы 13 мамырда Нұр-Сұлтан қ. уақытымен сағат 12:00 минутте өтеді.
Сауда-саттыққа қатысуға өтінімдер тізілімнің веб-порталында (www.gosreestr.kz) кепілдік жарна түскеннен кейін 2022 жылғы 13 мамырда Нұр-Сұлтан қ. уақытымен сағат 08:00-ге дейін қабылданады.
а) сауда-саттықты өткізу әдісі – ағылшын (бағаны көтеру);
б) бастапқы баға – 13 915 000 (он үш миллион тоғыз жүз он бес мың) теңге;
в) кепілдік жарна – 2 087 250 (екі миллион сексен жеті мың екі жүз елу) теңге және сауда-саттыққа қатысуға өтінім берген сәтке дейін мынадай деректемелер бойынша төленеді: KZ946017111000000330; БСК: HSBKKZKX; Банктің атауы: «Қазақстан Халық банкі» АҚ; ТТК: 171; Кбе: 16; Төлемді алушы (каз.): «Ақпараттық-есептеу орталығы» АҚ; БСН: 050540004455;
Мүліктің құнын төлеу тәртібі төленеді:
г) төлем – шарт бойынша тиесілі төлем есебіне жатқызылатын кепілдік жарнаның сомасы шегеріле отырып, сатып алу-сату шартына қол қойылған күннен бастап 10 жұмыс күнінен кешіктірілмейтін мерзімде егіс кешенін сату бағасынан 100%;
д) төлем нысаны – қолма-қол ақшасыз есеп айырысу;
е) бағаның өзгеру қадамы – бастапқы/ағымдағы бағадан 10%;
Сұрақтар бойынша мына мекен-жайға хабарласуға болады: Нұр-Сұлтан қаласы, Мәскеу көшесі, 29/3, каб. № 210, тел.8 (7172) 591-261. Мемлекеттік мүлік тізілімінің веб-порталын пайдалану арқылы өткізілетін сауда-саттыққа қатысу тәртібі туралы сұрақтар бойынша «Ақпараттық-есептеу орталығы» АҚ-қа 552-981 телефоны бойынша хабарласуға болады.