«Азық-түлік келісім шарт корпорациясы» ҰК» АҚ Қостанай қаласы, Тәуелсіздік көшесі 147 мекенжайы бойынша орналасқан, жалға беру үшін бос ауданы 12,6 ш.м. (1 қабат) болатын, «Азық-түлік келісім шарт корпорациясы» ҰК» АҚ-на тиесілі кеңселік орынжайларды мүліктік жалдауға (жалға алуға) беру бойынша тендер өткізетіні туралы хабарлайды.
Тендер 2023 жылғы 28 маусымда Астана қ. уақытымен сағат 10.00-де өтеді.
Тендерге қатысу өтінімдері 2024 жылдың 08 сәуірде Астана қ. уақытымен сағат 08.00-ге дейін және Қостанай қаласы, Тәуелсіздік көшесі 147 мекен-жайы бойынша кепілдік жарна түскеннен кейін қабылданады.
Тендерге қатысушылар кемінде бір айлық жалдау ақысын құрайтын сома көлемінде кепілдік жарна төлейді және мынадай деректемелер бойынша төлейді:
- KZ786010111000331641;
- БСК: HSBKKZKX;
- Банктің атауы: «Народный банк Казахстана» АҚ;
- БСН: 950440000101;
- Төлемді алушы «Азық-түлік келісім шарт корпорациясы» ҰК» АҚ;
- КБЕ 16
өткізу күні – 2024 жылғы 08 сәуір, өтетін орны – Қостанай қаласы, Тәуелсіздік көшесі 147;
ең төменгі айлық жалдау ақысы-1 ш.м. үшін 2 600 (екі мың алты жүз) теңге есебінен айқындалады, оның ішінде ҚҚС. Жалдау ақысына коммуналдық қызметтер үшін төлемдер, ағымдағы және күрделі жөндеуге аударымдар, объектіге қызмет көрсету үшін төлемдер кірмейді. Қалалық телефон байланысы, қалааралық, халықаралық байланыс және интернет желісіне қол жеткізу қызметтерін жалға алушы дербес төлейді;
ең аз жалдау мерзімі – кемінде үш ай;
міндеттемелердің орындалуын қамтамасыз ету – бір айлық жалдау ақысының мөлшері;
кепілдік жарна – кемінде бір айлық жалдау ақысын құрайтын сома;
төлем нысаны – қолма-қол ақшасыз есеп айырысу;
Тендерге қатысуға өтінімдер мыналарды қамтуы тиіс:
1) Қатысушының тендерге қатысуға келісімін және оның тендер шарттарын орындау және тиісті шарт жасасу жөніндегі міндеттемелерін қамтитын тендерге қатысуға өтінім;
2) Желімделген конверттегі тендердің шарттары бойынша ұсыныстар;
3) Заңды тұлғалар үшін – салыстыру үшін түпнұсқасын міндетті түрде көрсете отырып, заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы анықтаманың немесе куәліктің көшірмелері, құрылтай құжаттары (құрылтай шарты және/немесе жарғы) не көрсетілген құжаттардың нотариалды куәландырылған көшірмелері;
Дара кәсіпкер үшін – дара кәсіпкерді мемлекеттік тіркеу туралы куәліктің, жеке тұлғаның жеке басын куәландыратын құжаттың, салыстырып тексеру үшін түпнұсқасын міндетті түрде көрсете отырып, көшірмелері не көрсетілген құжаттардың нотариалды куәландырылған көшірмелері;
Жеке тұлғалар үшін – салыстыру үшін түпнұсқасын міндетті түрде көрсете отырып, жеке тұлғаның жеке басын куәландыратын құжаттың, көшірмелері не көрсетілген құжаттардың нотариалды куәландырылған көшірмелері;
4) АҚ үшін – бағалы қағаздарды ұстаушылар тізілімінен үзінді көшірме;
ЖШС үшін – серіктестікке қатысушылар тізілімінен үзінді көшірме (серіктестікке қатысушылар жүргізілген жағдайда);
5) Шетелдік заңды тұлғалар үшін – мемлекеттік және орыс тілдеріне аудармасы нотариалды куәландырылған құрылтай құжаттары;
6) Кепілдік жарнаның аударылғанын растайтын төлем тапсырмасының түпнұсқасы;
7) Өтінім берілген сәтке дейін бір айдан кешіктірмей берілген қатысушының салық берешегінің жоқтығы туралы салық органының анықтамасы;
8) Екінші деңгейдегі банкте ағымдағы шоттың болуы туралы анықтама.
Бірнеше кеңселік орынжайды жалға алу бойынша өтінім беруге рұқсат етіледі.
Өтінім еркін нысанда жасалады және тендерге қатысушының тендер талаптарымен келісуі туралы шартты, сондай-ақ тендер талаптарында көзделген мерзімдерде шарт жасасу міндеттемесін қамтуы тиіс. Өтінімдер қос конвертте қабылданады. Сыртқы конвертте 1), 3), – 8) – тармақтарда көрсетілген құжаттар болуы тиіс, ішкі конвертте тендерге қатысушының ұсыныстары болуы тиіс. Ішкі конверт өтінім берген сәтте жабық болуы және қатысушы мөрлеуі тиіс.
Өтінімдерді қабылдау тендерлік комиссияның хатшысына тігілген түрде, беттері нөмірленген және соңғы бетін қолымен және мөрімен (жеке тұлға үшін, егер бар болса) куәландыра отырып, құжаттар ұсынылған кезде жүргізіледі.
Кеңсе үй-жайы үшін ең көп жалдау ақысын ұсынған және барлық талаптарға сай келетін тендерге қатысушы тендер жеңімпазы болып танылады. Тендерлік комиссияның шешімі бойынша қатысушылар ұсынған жалдау ақысының сомалары сәйкес келген жағдайда тендерге қатысуға өтінімді бұрын тіркеген тендерге қатысушы тендер жеңімпазы болып танылады.
Тендерге қатысу тәртібі туралы сұрақтар бойынша Қостанай қаласы, Тәуелсіздік көшесі, 147, тел.8 (7142) 542-820, 531-144 арқылы хабарласуға болады.