«Азық-түлік келісім шарт корпорациясы» ҰК» АҚ Мемлекет басшысының тапсырмасын орындау шеңберінде су тасқынынан зардап шеккен диқандарға қолдау көрсетуді ұйымдастырады.
«Азық-түлік келісім шарт корпорациясы» ҰК» АҚ жеткілікті мөлшерде жемдік астық бар екенін хабарлайды және мал, құс шаруашылығы және құрама жем зауыттарын жем өндіру үшін шикізатпен қамтамасыз етуге дайын.
Астықты сату Ақмола, Қостанай және Солтүстік Қазақстан облыстарының элеваторларынан жүзеге асырылады. Бұдан басқа, «Азық-түлік келісім шарт корпорациясы» ҰК» АҚ темір жол арқылы астық жеткізуді ұйымдастыруға дайын.
Ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерге көктемгі егіс жұмыстарын жүргізу үшін «Азық-түлік корпорациясы» ҰК» АҚ Әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорацияның кепілдігімен 2024 жылғы 1 қарашаға дейінгі мерзімге 2024 жылғы егін жинағаннан кейін ақшалай қаражатпен төлей отырып, тұқымдық мақсаттар үшін азық-түлік астығын тауарлық кредит ретінде беруге дайын.
Айта кетейік, Азық-түлік корпорациясының астығы сақталған элекваторларды су басу жағдайлары тіркелмеген.
«Азық-түлік корпорациясы» ҰК» АҚ облыстық өкілдіктері күн сайын демалыс күндерін есептемегенде су тасқынынан зардап шеккен АӨК субъектілерінен келесі мекенжайлар бойынша өтінімдер қабылдауға дайын:
• Көкшетау қ., Н. Назарбаев даңғылы 19, тел. 8 (7162) 55-11-51, 55-11-54,
42-25-22.
• Өскемен қ., Бейбітшілік к. 30 (206 кеңсе), тел. 8 (7232) 25-95-67, 56-06-57
• Қостанай қ., Тәуелсіздік к. 147, тел. 8 (7142) 53-11-44, 53-12-44, 54-28-20.
• Петропавл қ., Партизанская к. 160, тел. 8 (7152) 55-11-60, 42-22-66.
Жергілікті атқарушы органдардың тізімдеріне сәйкес шешім қабылданады. Өтініштер қажетті құжаттар ұсынылған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде қаралады.
Барлық өтінімдер жеке қаралатын болады.