Ағымдағы жылы «Азық-түлік келісім шарт корпорациясы» ҰК» АҚ ауыл шаруашылығы өнімдерін форвардтық сатып алу шеңберінде көктемгі дала жұмыстарын жүргізу үшін АӨК субъектілерін қаржыландырып жатыр.
Бүгінгі таңда Азық-түлік корпорациясы ауылшаруашылық өнімдерін форвардтық сатып алу бойынша алғашқы төлемдерді диқандардың есепшотына аударды. Қаражат әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациялардан қайтаруға тиісті кепілдіктер берген шаруа қожалықтарының есепшоттарына аударылды. Қалған ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерге қаржы ресурстарын төлеу процесі екінші деңгейлі банктерден немесе әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациялардан тиісті кепілдіктер алғаннан кейін жедел түрде жүзеге асырылады. Биыл бұл мақсаттарға барлығы 40 миллиард теңге қарастырылып отыр.
Агроөнеркәсіптік кешен субъектілерін қаржыландыру жалғасуда.