Азаматтығы: Қазақстан Республикасы
Туған күні: 1987 жылдың 17 қазаны
Білімі, мамандығы (біліктілігі), лицензиялары:
- Халықаралық бизнес университеті, қаржы мамандығы (2011 ж.)
- Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, құқықтану (2014 ж.)
- Ұлыбритания, Ноттингем университеті, бизнес және басқару (2017 ж.)
- Қарағанды экономикалық университеті (Казпотребсоюз), халықаралық қатынастар (2020 ж.)
Еңбек өтілі:
- Еңбек жолын 2012 жылы ҚР Қаржы министрлігінде Қаржылық мониторинг комитетінің F-2 басқармасында сарапшы ретінде бастаған.
- 2012 жылдан 2022 жылға дейін ҚР Қаржы министрлігі жүйесінде түрлі лауазымдарда жұмыс істеген.
- 2022–2023 жылдары ҚР Қаржы министрлігі Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетінің Алматы қаласы бойынша мемлекеттік мүлік және жекешелендіру департаменті басшысының орынбасары қызметін атқарған.
- 2023–2024 жылдары ҚР Қаржы министрлігі Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетінің Батыс Қазақстан облысы бойынша мемлекеттік мүлік және жекешелендіру департаментінің басшысы (Орал қ.) болған.
- 2024 жылғы қазан айынан бастап ҚР Қаржы министрлігі Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті Төрағасының орынбасары лауазымына тағайындалды.
- 2025 жылғы 21 сәуірден бастап «Азық-түлік келісімшарт корпорациясы» ҰК» АҚ Директорлар кеңесінің мүшесі болып сайланды.

