Ауыл шаруашылығы өнімін өндіру көлемін ұлғайту мақсатында мемлекет отандық өндірушілерді қаржыландыру тетіктері мен көлемін кеңейту бойынша жүйелі жұмыс жүргізуде. Мәселен, ағымдағы жылы астық бағытын қоса алғанда, АӨК секторын қолдау мөлшері 580 млрд теңгеден асты.
Азық-түлік келісімшарт корпорациясы тарапынан 590 мың тоннадан астам ауыл шаруашылығы өнімін форвардтық сатып алуды қаржыландыру бөлігінде фермерлерге айтарлықтай қолдау көрсетілді, бұл миллион гектардан астам жерге егіс жұмыстарын жүргізуге мүмкіндік берді. Мемлекеттік комиссияның Шешімімен 80 млрд теңге көлемінде міндеттемелерді өтеу бойынша ұзарту жеңілдігі берілді, осы ретте аталмыш іс-шара АШТӨ-ге босатылатынған қаражат көлемін көктемгі егін жұмыстарына бағыттауға мүмкіндік береді.
Қазақстандық ауыл шаруашылығы өнімін халықаралық нарықтарда ілгерілету «Азық-түлік келісімшарт корпорациясы» ҰК» АҚ астық жөніндегі ұлттық операторы ретінде басым міндеттерінің бірі болып табылады.
Осы бағыт шеңберінде шетелдік инвесторлармен ынтымақтастықты жандандыру және келешекті өткізу нарықтарын іздеу бойынша жұмыс жүргізілуде.
Аталған функцияны күшейту үшін Қытайдың ең ірі холдингі COFCO-мен Қытайдың ішкі қажеттіліктерін қанағаттандыру және Қазақстандық өнімді Оңтүстік-Шығыс Азия елдерінің нарықтарына ілгерету үшін келіссөздер жүргізілуде. Келіссөздер қорытындысы бойынша COFCO Азық-түлік келісімшарт корпорациясы бастаған ірі астық экспорттаушылар консорциумының шарттарымен бірінші партияны жеткізуге келісімшарт жасасу қажеттіліктерін қарастырады. Жалпы, осы бағыттағы экспорт көлемі 3 млн тоннаға дейін ұлғайтылатын болады.
Сонымен қатар, Азық-түлік келісімшарт корпорациясы басшылығының Әзербайжан, Ауғанстан және Түркиядан келген шетелдік әріптестерімен кездесулерінің қорытындысы бойынша көлемі 2 млн тоннаға дейінгі экспортты Кавказ елдеріне, сондай-ақ Қара, Азов және Балтық теңіздерінің порттары арқылы алыс шетелдердің нарықтарына кеңейту жөнінде алдын ала келісімдерге қол жеткізілді. Баку қаласында бірлескен Қазақстан-Әзірбайжан астық терминалы мен диірмен кешенінің болуы алдағы уақытта шет елдер мен Түркияға ұн экспортын арттыруға мүмкіндік береді. Бұған тасымалдау шығындарының негізгі бөлігін субсидиялау мәселесі ықпал ететін болады.
Сонымен қатар, Түркіменстан арқылы транзитпен Ауғанстан, Иран және Пәкістан нарықтарына астық жеткізуді ұлғайту үшін «Солтүстік-Оңтүстік» дәлізінің логистикалық әлеуеті іске асырылатын болады.
Астық жөнелтуді тиімді ұйымдастыру «Азық-түлік келісімшарт корпорациясы» ҰК» АҚ, «Атамекен» ҰКП және салалық одақтардың (Қазақстанның Астық одағы, Kazgrain астық экспорттаушылар Одағы, Қазақстан егін өсірушілер одағы және т.б.) жұмысын үйлестіру арқылы жүзеге асырылады. Өз кезегінде, сауда көлемінің өсуі нарық қатысушыларының, «ҚТЖ ҰК» АҚ ұлттық тасымалдаушысының және нанды жаппай жинау кезеңінде астық жүктерінің басымдылықпен өтуі үшін жеке логистикалық компаниялардың өзара іс-қимылын күшейту арқылы қамтамасыз етілетін болады.
Нәтижесінде аталған шаралар астық және оны қайта өңдеу өнімдерінің ішкі бағасының тұрақтылығын сақтауға, сондай-ақ Қазақстандық фермерлердің жаңа нарықтарыға шығуын қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.