Азық-түлік корпорациясының еншілес компаниясы – «Астық қоймалары» ЖШС ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілердің астығын қабылдау мен сақтауды қамтамасыз ету үшін өзінің элеваторлық қуатын ұсынады.
Ақмола және Солтүстік Қазақстан облыстарында орналасқан төрт лицензияланған астық базасының жалпы сыйымдылығы 491,7 мың тоннаны құрайды. Бүгінде бұл элеваторларда 314 мың тонна сақталады, бұл Азық-түлік корпорациясының 139,8 мың тонна көлеміндегі дәнді және бұршақ дақылдарын қоса алғанда.
Елімізде ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерге астық қолхаттарын беруге құқығы бар барлығы 191 жеке лицензияланған АҚП жұмыс істейді. Бұл нан базаларының жиынтық сыйымдылығы 13,2 млн тоннаға жетеді.
ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің деректері бойынша республиканың барлық астық қоймаларының жалпы қуаты 30 млн тоннаны құрайды. Бұл ретте лицензияланған АҚП 42%-ға жүктелген және қосымша 7,6 млн тонна астықты орналастыруға қабілетті.
Негізгі астық егетін өңірлерге келетін болсақ, мұндағы бос қуаттардың көрсеткіштері келесідей: элеваторлардың бос ауданы Ақмола облысында – 2,5 млн тонна, Солтүстік Қазақстан облысында – 1,6 млн тонна, Қостанай облысында – 1,6 млн тонна құрайды.
2024 жылғы егін жинау науқанының қорытындысы бойынша Қазақстанда 26,6 млн тонна дәнді және дәнді-бұршақты дақылдар жиналды.