«Азық-түлік келісімшарт корпорациясы» ҰК» АҚ-ға тікелей сатып алу бағдарламасы бойынша астық жеткізуге ауыл шаруашылығы өндірушілерінен 287 өтінім келіп түсті. Өтінімдердің жалпы көлемі 3,8 млрд теңгеге 57,3 мың тоннаны құрады.
Ең үлкен белсенділік астық егетін өңірлердің фермерлері арасында байқалады:
Солтүстік Қазақстан облысы – 121 өтінім
Қостанай облысы – 99 өтінім
Ақмола облысы – 60 өтінім
Павлодар облысы – 7 өтінім.
Астықты сатуға 226 ауыл шаруашылығы кәсіпорны өтінім беріп үлгерді. Негізінен фермерлер астық операторына 3-сыныпты бидай жеткізуге дайын. 4-ші, 5-ші дәрежелі бидай мен арпаның көлемі едәуір аз.
Естеріңізге сала кетейік, 2024 жылғы 18 қарашада Азық-түлік келісімшарт корпорациясы шағын ауыл шаруашылығы кәсіпорындарынан астықты тікелей сатып алу жөніндегі бағдарламаның басталғанын хабарлады. Қолдаудың басым шаралары шағын және орта фермерлерге өнімнің кепілдендірілген сатылымын қамтамасыз етуге арналған.
Азық-түлік келісімшарт корпорациясының бағдарламасы шеңберінде дән желімтігіне байланысты 3-сыныпты бидайдың сатып алу құны 75 мыңнан 90 мың теңгеге дейін құрайды. Астық операторы 4-сыныпты бидайды фермерлерден 55-тен 65 мың теңгеге дейінгі бағамен, арпаны – тоннасына 50 мың теңгеден сатып алады.
Тікелей сатып алу кезең-кезеңімен жүргізіледі. Бірінші кезеңде арпа, бидай егістік алқабы 500 гектардан аспайтын фермерлік шаруашылықтардан өтінімдер қабылданады. Екінші кезеңде оларға бидай, арпа егу ауданы 1000 га немесе одан да көп агрокәсіпорындар қосылады.
Бұл ретте бір ауыл шаруашылығы кәсіпорнынан сатып алынатын астықтың жиынтық көлемі 300-ден 700 тоннаға дейін құрайды. Мұндай шектеу мүмкіндігінше көп фермерлік шаруашылықтардың мемлекеттік қолдау қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін енгізіледі.
Астықты тікелей сатып алуға бастапқыда 10 млрд теңге бағыттау жоспарланды. Азық-түлік келісімшарт корпорациясы бағдарламаны қаржыландыруды өз резервінен 3 млрд теңгеге ұлғайтты. Нәтижесінде бағдарламаның жалпы бюджеті 13 млрд теңгені құрайды, бұл ауыл шаруашылығы өндірушілерінен 200 мың тоннадан астам астық сатып алуға мүмкіндік береді.
Анықтамалар үшін байланыс ақпараты:
Астана қаласы: Мәскеу көшесі, 29/3, тел. (8-717-2) 59-12-32 (ішкі 2484; 2025;), 59-12-39 (ішкі 2375), 59-12-61 (ішкі 2261), 55-11-60 (ішкі 2476);
Ақмола облысы: Көкшетау қ., Нұрсұлтан Назарбаев көш., 19, тел. (8-716-2) 55-11-51, 55-11-54, 42-25-22;
Шығыс Қазақстан обл: Өскемен қ., Бейбітшілік көш., 30, 206 кеңсе, тел. (8-723-2) 25-95-67, 56-06-57;
Қостанай обл: Қостанай қ., Тәуелсіздік көш., 147, тел. (8-714-2) 53-11-44, 53-12-44, 54-28-20;
Солтүстік Қазақстан обл: Петропавл қ., Партизанская көш., 160, тел. (8-715-2) 55-11-60, 42-22-66.