Азық-түлік келісімшарт корпорациясы «КОКЅНЕ» ӘКК» АҚ-мен 41,6 мың литр көлемінде тазартылған күнбағыс майын әлеуметтік баға бойынша сату туралы шарт жасасты. Өнім күнбағыс пен күнбағыс майын үшжақты форвардтық сатып алудың пилоттық бағдарламасы аясында алынды.
2025 жылғы қаңтар-сәуір аралығында «OskemenAgroProdukt» май зауыты Азық-түлік келісімшарт корпорациясына 83,2 мың литр күнбағыс майын жеткізеді.
Естеріңізге сала кетейік, 2024 жылдың наурыз айында Азық-түлік келісімшарт корпорациясы күнбағыс өсіруге маманданған агроөндірушілерді форвардтық қаржыландырудың басталғаны туралы хабарлады. Өтінімдерді іріктеу нәтижесінде бағдарламаға қатысушылар «Майлы дақылар тәжірибе шаруашылығы қосу» ЖШС және «OskemenAgroProdukt» ЖШС болды. Егін жинағаннан кейін ауыл шаруашылығы тауарын өндіруші күнбағысты май зауытына өңдеуге жіберуге, ал май зауыты – айын өнімді Азық-түлік келісімшарт корпорациясына жеткізуге міндеттенді. Күнбағыс пен күнбағыс майын сатып алу бағасы АӨК субъектілерін қаржыландыру сәтінде тіркелді, нәтижесінде ұлттық оператор күнбағыс майын нарықтық құнынан төмен бағамен сатып алды.
Үшжақты форвардтық сатып алу бағдарламасы ҚР Президентінің ауыл шаруашылығы өнімдерін өндірудің, сақтаудың және өткізудің толыққанды желісін құруда жеке нарыққа жәрдемдесу туралы тапсырмасын орындау үшін іске қосылды. Күнбағыс майы әлеуметтік маңызы бар азық-түлік өнімдерінің тізіміне енгендіктен және оның құны мезгіл-мезгіл өсетін күнбағыс бағасына тікелей байланысты болғандықтан, пилоттық жобаны жүзеге асыру үшін дәл осы майлы дақыл таңдалды.
Сондай-ақ, Мемлекет басшысы Азық-түлік келісімшарт корпорациясының негізгі азық-түлік тауарлары бойынша бағалардың ауытқуын төмендету және ұлттық оператордың ӘКК тұрақтандыру қорларымен жұмысын күшейту үшін әлеуетін пайдалану қажеттігін атап өтті.
Азық-түлік келісімшарт корпорациясы функцияларының бірі – азық-түлік нарығын тұрақтандыру. Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік өнімдерінің бағасы көтерілген жағдайда ұлттық оператордың ӘКК тұрақтандыру қорларына күнбағыс майын, қарақұмықты және қажет болған жағдайда басқа да егін шаруашылығы өнімдерін нарықтық бағадан төмен бағамен жеткізуге мүмкіндігі бар. Бұл ӘКК-ке халықты қолжетімді бағамен азық-түлікпен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.