«Азық-түлік келісімшарт корпорациясы» ҰК» АҚ Басқарма төрағасының бірінші орынбасары қызметіне Ильдар Исмагулов тағайындалды.
Ол қаржы, заң және агрономия салаларында білім алған, MBA дәрежесіне ие.
Еңбек жолын 2007 жылы бастаған. Әр жылдары Астана қаласы Сарыарқа ауданы әкімінің аппаратында, «Қазақстан инжиниринг» Ұлттық компаниясы» АҚ-да, «Agro Lab» ЖШС-де қызмет еткен, жеке секторда, сондай-ақ ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің Ұлттық аграрлық ғылыми-білім беру орталығында басшылық лауазымдар атқарған.
2023–2024 жылдары Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің Қаржы басқармасы басшысының орынбасары, Кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық даму басқармасының басшысы қызметтерін атқарған.
2024 жылдың тамыз айынан бастап «Азық-түлік келісімшарт корпорациясы» ҰК» АҚ басқарушы директоры – Басқарма мүшесі болып қызмет атқарды, 2025 жылдың 7 тамыздан бастап «Азық-түлік келісімшарт корпорациясы» ҰК» АҚ Басқарма төрағасының бірінші орынбасары болып сайланды.


