Азық-түлік келісімшарт корпорациясы Түркияның Мерсин қаласында өткен AgroFood Summit 2025 халықаралық конференциясында Қазақстандық агроэкспорт мүмкіндіктерін көрсетті. Іс-шараға компания басқармасы төрағасының бірінші орынбасары Ильдар Исмагулов қатысты.
Өз сөзінде ол Азық-түлік келісімшарт корпорациясың Қазақстанның астық нарығындағы мемлекеттік оператор рөлін атқаратынын атап өтті. Компанияның жыл сайынғы ресурстары шамамен 2 млн тонна көлемінде астық қоры болады, бұл ішкі нарық пен экспорттық бағыттарды тұрақты көлемде қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.
Азық-түлік келісімшарт корпорациясың инфрақұрылымына еліміздің астық егетін өңірлеріндегі элеваторлар желісі және Ақтау, Амирабад (Иран) және Говсан (Әзербайжан) порттарында орналасқан үш астық терминалы кіреді.
Ильдар Исмагуловтың айтуынша, Шанхайда «Бір белдеу, бір жол» бастамасы аясында өткен азық-түлік өнімдері саласындағы ынтымақтастық конференциясында Қазақстан логистиканы жеделдету және арзандату мақсатында Баку терминалы базасында астық хабын құруды ұсынды. Жоба тасымалдау шығындарын азайтуға, жеткізу мерзімдерін қысқартуға және Түркияға экспорт көлемін ұлғайтуға мүмкіндік береді.

Сонымен қатар Азық-түлік келісімшарт корпорациясы өкілі Қазақстан мен Түркия арасындағы астық саудасындағы ынтымақтастықты кеңейту мәселелеріне назар аударды. Қазақстан Түркия нарығын ұзақ мерзімді және тұрақты көлемде қамтамасыз ету үшін барлық қажетті ресурстарға ие. Атап айтқанда, ұлттық оператор түрік тұтынушыларына жоғары сапалы бидай, арпа, зығыр, рапс, жасымық және өсімдік майын жеткізуге дайын.

