«Азық-түлік келісімшарт корпорациясы» ҰК» АҚ Басқарма төрағасының орынбасары Самат Теңбаев Циндао қаласы мен Қазақстан Республикасы арасындағы сауда-экономикалық ынтымақтастық форумына қатысты. Іс-шара бірлескен жобаларды, оның ішінде астық саласындағы жобаларды дамыту перспективаларын талқылау алаңына айналды.
Азық-түлік келісімшарт корпорациясы қазірдің өзінде Қытайдың ірі өнеркәсіптік топтарымен, соның ішінде «Сиань Ай Цзюй», Fufeng Group Limited және Dalian Hesheng Holdings-пен өзара іс-қимыл жүргізуде. Бұл жобалар ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеуді, экспорттық тізбектерді дамытуды және қазақстандық өнімнің Қытай нарығына жеткізілімін кеңейтуді қамтиды.
Ынтымақтастықтың тиімді құралдарының бірі агроөнімдердің экспорттық партияларын шоғырландыру бағдарламасы болды. Ол қазақстандық агроөнеркәсіп, шетелдік сатып алушылар мен Азық-түлік келісімшарт корпорациясы арасында консультант рөлінде үшжақты келісімшарттар жасасуды көздейді. Осы жобаның көмегімен фермерлер мен шағын трейдерлер көрші Қытайды ең танымал болып табылатын шетелдік нарықтарға жемдік ұнды, күнбағыс майын және дәнді дақылдарды жеткізеді. Толық емес екі жылда жалпы сомасы 49,7 млн долларға 10 экспорттық келісімшарт жасалды.
Азық-түлік келісімшарт корпорациясының өкілі атап өткендей, Қытайдың COFCO және Sinograin мемлекеттік компаниялары ұлттық оператордың стратегиялық серіктестерінің қатарына кіреді және қазақстандық агроөнімдерді жыл сайын жеткізуге мүдделі. Астықты сатып алушылар – Иран, Тәжікстан, Қырғызстан және басқа да елдер. Алайда, дәл Қытай бағыты осы бірлескен өндірістік және логистикалық жобалардың көлемі мен дамуы тұрғысынан ең серпінді және маңызды бағыт болып қалуда.
Самат Теңбаевтың айтуынша, қытайлық серіктестермен бірлесіп жұмыс істеу сенімнің жоғары деңгейін көрсетіп, Қазақстанның қайта өңделген ауыл шаруашылығы өнімдерінің экспорттық әлеуетін арттыру үшін қосымша мүмкіндіктер ашады.
Өз тарапынан Қытайдың халық саны бойынша ең ірі провинцияларының бірі – Шаньдун провинциясының серіктестері форвардтық келісімшарттар жасасу шарттарында қазақстандық ауыл шаруашылығы өндірушілерін қаржыландыруға қызығушылық танытты. Бұдан басқа, Қытай тарапы дайын агроөнімді ішкі нарықта одан әрі өткізу, сондай-ақ оны Қытайға және үшінші елдерге экспорттау үшін Қазақстан аумағында қайта өңдеу кәсіпорындарын құру мүмкіндіктерін қарастыруда.

