ҚР ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаров бастаған қазақстандық делегация жұмыс сапары аясында БАӘ-де Азық-түлік келісімшарт корпорациясы басшылығының әлемдегі ең ірі порт операторларының бірі – Dubai Port World өкілдерімен келіссөздері өтті.
Тараптар ынтымақтастықтың әлеуетті форматтарын талқылады, астықты тасымалдау нұсқаларын жан-жақты зерделеуге, сондай-ақ Парсы шығанағы елдеріне логистикалық бағыттарды пысықтауға дайын екендіктерін білдірді. Қолайлы жағдайларда қазақстандық астықты БАӘ-ге сынақ жөнелту перспективаларына ерекше назар аударылды.
Азық-түлік келісімшарт корпорациясы астық өнімдерін жеткізу географиясын кеңейтуге ниетті. Өткен жылы қазақстандық бидай Оңтүстік-Шығыс Азия мен Солтүстік Африка елдеріне жөнелтілді. Парсы шығанағы нарықтарына шығу экспортты одан әрі дамытудың басым бағыттарының бірі ретінде қарастырылады.

