«Азық-түлік келісімшарт корпорациясы» ҰК» АҚ басқарма төрағасы Асылхан Джувашевтің төрағалығымен өткен кеңесте жаңа Конституция жобасы талқыланды. Кеңеске компанияның өңірлік бөлімшелері мен еншілес кәсіпорындарының өкілдері қатысты.
Мемлекет басшысының бастамасымен елімізде саяси институттарды трансформациялауға, сондай-ақ цифрлық экономика мен жасанды интеллект дәуірінде әлеуметтік-экономикалық ережелерді қайта қарауға бағытталған Конституциялық реформа жүргізілуде. Алты ай бойы заңнама және құқық саласындағы сарапшылар, саяси партиялар мен қоғам өкілдері Қазақстан Республикасының Негізгі заңына енгізілетін өзгерістерді әзірледі.
Қазіргі уақытта жаңа Конституция жобасы кең қоғамдық талқылауға шығарылды. Конституциялық реформа жөніндегі комиссияның 9 отырысы өтті, комиссия Негізгі заңның түпкілікті нұсқасын қалыптастыруға жауапты. Саяси өзгерістердің ауқымын ескере отырып, талқылауға азаматтардың, сондай-ақ мемлекеттік компаниялар мен кәсіпорындардың ұжымдары барған сайын белсенді түрде қосылуда.
Кеңеске қатысушылар атап өткендей, Конституцияға енгізілетін түбегейлі өзгерістер мемлекеттік институттардың азаматтар мен қоғам алдындағы жауапкершілігін күшейтіп, азаматтардың маңызды мемлекеттік шешімдер қабылдауға қатысуын кеңейтеді. Нәтижесінде мемлекеттік басқару жүйесі анағұрлым ашық әрі айқын бола түседі.
«Цифрлық экономика жағдайында бұл мемлекеттік сектор қызметкерлеріне жоғары жауапкершілік жүктейді, басқару тәсілдерін жетілдіруді, процестерді трансформациялауды және мемлекеттік қызметтердің сапасын арттыруды талап етеді», – деді Асылхан Джувашев.
Ұсынылып отырған өзгерістер экономика мен бизнес үшін неғұрлым айқын және түсінікті ережелерді қарастырады, бұл кәсіпкерлер мен инвесторлар үшін оң сигнал болып табылады. Меншік құқығын қорғауға және ұзақ мерзімді инвестициялар үшін қолайлы жағдай жасауға ерекше назар аударылады. Перспективада мұндай шаралар кәсіпорындарды жаңғыртуға, өңдеу өндірістерін дамытуға және агроөнеркәсіптік кешенді нығайтуға ықпал етеді. Бұл ретте азық-түлік қауіпсіздігі мемлекеттің стратегиялық басымдықтарының бірі болып қала береді.

