Азық-түлік келісімшарт корпорациясы құс шаруашылығы кәсіпорындарының астыққа деген жоғары сұранысын тіркеуде. Ұлттық астық операторының атына ірі құс фабрикаларынан 200 мың тоннаға жуық астық сатып алуға өтінімдер келіп түсті.
Ішкі нарықты қамтамасыз ету және қайта өңдеу секторының қажеттіліктерін қанағаттандыру мақсатында Азық-түлік келісімшарт корпорациясы астық және майлы дақылдарды электрондық биржалық сауда-саттық тетігі арқылы өткізеді. 2026 жылдың наурыз айының басынан бастап ұн тартатын кәсіпорындарға 14,9 мың тонна азық-түлік бидайы жөнелтілді.
Сату құрылымында негізгі үлес ұн өндіруге сұранысқа ие 23%-дан бастап желімтегі бар үшінші сыныпты бидай болды.
Бидайдың құны сапалық сипаттамаларына байланысты мынаны құрады:
- құрамында 23-24% желімтегі бар – тоннасына 104 мың теңге;
- құрамында 25-26% желімтегі бар – тоннасына 109 мың теңге;
- құрамында 27-28% желімтегі бар – тоннасына 125 мың теңге.
Бұған дейін ұлттық астық операторы дәнді дақылдар мен майлы дақылдардың бос қалдықтарын сатудың басталғанын хабарлады. Бұл ретте 4-5-сыныпты бидай тек құс және мал шаруашылығы кәсіпорындарының қажеттіліктері үшін сатылады, бұл осы салаларды атаулы түрде қолдауға мүмкіндік береді.
Биржалық алаңды пайдалану сауда-саттықтың ашықтығы мен бәсекелестігін қамтамасыз етеді. Азық-түлік келісімшарт корпорациясы азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету және ішкі нарықты астықпен тұрақты қамтамасыз ету жөніндегі жұмысты жалғастыруда.
Биржадағы сауда сессиялары күн сайын жұмыс күндері сағат 10.00-ден 17.00-ге дейін өтеді. Барлық мүдделі қатысушылар сауда-саттыққа қатыса алады.
Анықтама үшін байланыс ақпараты:
Мекенжайы: Астана қаласы, Мәскеу көшесі, 29/3, тел. (Whatsapr): + 7 701 105 3 105
Email: mail@fcc.kz , N.Mazhitov@FCC.kz, broker@fcc.kz.

