Азық-түлік келісімшарт корпорациясында көктемгі жаңару мен жаңа өмірдің бастауы саналатын Наурыз мейрамы қарсаңында мерекелік іс-шара өтті.
Шығыс күнтізбесі бойынша Наурыз – жаңа жылдың бастауының белгісі, сондықтан оны Ұлыс күнінемесе Ұлыстың ұлы күні деп те атайды. Наурызды кең пейілмен, шынайы көңілмен қарсы алу үйге жыл бойы молшылық пен табыс әкеледі деп саналады.

Корпорация қызметкерлері қазақ халқының көне дәстүрлерін жаңғыртып, оның мәдени мұрасына бойлап, ұлттық тағамдардың байлығын көрсетті. Мерекенің басты нышаны әрқайсысының өзіндік мәні бар жеті түрлі дәмнен әзірленетін дәстүрлі тағам – наурыз-көже болды.

«Наурызнама» мерекелік онкүндігі аясында күндердің бірі ұлттық киімді насихаттауға арналып, «Ұлттық киім күні» деп аталады. Біздің компанияда бұл бастама өз жалғасын тапты: әр жұма сайын қызметкерлер іскерлік киімдерін алуан түсті камзолдар мен шапандарға қуана алмастырып, ұлттық дәстүрлерді қолдап, дәріптеп келеді.

Наурыз – игі істер мен бірлік мерекесі. Ол адамдарды біріктіріп, олардың түп-тамырын, мәдени болмысын және отбасылық құндылықтарды сақтаудың маңызын еске салады. Мұндай іс-шаралар жас ұрпаққа тарихты ғана емес, сонымен бірге халықтың ерекше мәдени кодын, өмір салтын және дүниетанымын жеткізуге көмектеседі.
Бұл күні ізгі ниет пен жақсылық тілегімен айтылатын дәстүрлі Наурыз бата да орын алды.
Барша қазақстандықтарды Наурыз мерекесімен құттықтаймыз! Әр үйге бақыт, бейбітшілік пен өркендеу тілейміз. Көктем – дала жұмыстары басталатын уақыты. Егіс науқаны қарсаңында аграршыларға қолайлы ауа-райы, жемісті және жомарт жыл тілейміз. Осы аграрлық маусым жерде еңбек ететін әрбір адамға сенімділік, тұрақтылық пен лайықты нәтижелер әкелсін.


