Тәуекелдерді табыстау құралдары және астық қолхаттары: агросектор үшін жаңа мүмкіндіктер

Азық-түлік келісімшарт корпорациясы мен Abu Dhabi Global Market (ADGM) базасында жұмыс істейтін Arab Reinsurance Association (ARIA) компаниясы АӨК-те қаржылық қызметтер спектрін кеңейтуді талқылады. 

Қытайға жемдік ұн тиелген контейнерлік пойыз жөнелтілді

Азық-түлік келісімшарт корпорациясының көмегімен Қытайға жемдік ұн тиелген контейнерлік пойыз жөнелтілді. Партия көлемі 12,3 мың тоннаны құрады. Өнімді жеткізуші «Қапшағай бидай өнімдері» ЖШС, импорттаушы – Shandong Hi-speed Qilu International Land Port Development Co. Ltd.

Азық-түлік келісімшарт корпорациясы 2025/2026 маусымында астық нарығын дамытудың басымдықтарын белгіледі

«Азық-түлік келісімшарт корпорациясы» ҰК» АҚ Басқарма төрағасы Асылхан Джувашев 3-4 ақпанда Алматыда өтіп жатқан Kazakh Grain&Logistic Forum халықаралық конференциясында сөз сөйлеп, 2025/2026 аграрлық маусымының ерекшеліктерін және Қазақстанның астық нарығын дамытудың басым бағыттарын белгіледі.

Қазақстан Республикасының Конституциясына енгізілетін өзгерістер: экономиканың дамуына және мемлекеттік институттардың жаңаруына әсері

«Азық-түлік келісімшарт корпорациясы» ҰК» АҚ басқарма төрағасы Асылхан Джувашевтің төрағалығымен өткен кеңесте жаңа Конституция жобасы талқыланды. Кеңеске компанияның өңірлік бөлімшелері мен еншілес кәсіпорындарының өкілдері қатысты

Азық-түлік келісімшарт корпорациясы Dubai Port World компаниясымен ынтымақтастық келешегі туралы келіссөздер жүргізді

ҚР ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаров бастаған қазақстандық делегация жұмыс сапары аясында БАӘ-де Азық-түлік келісімшарт корпорациясы басшылығының әлемдегі ең ірі порт операторларының бірі – Dubai Port World өкілдерімен келіссөздері өтті.  

Азық-түлік келісімшарт корпорациясы Парсы шығанағы елдерімен ынтымақтастық орнатуда

БАӘ-дегі ең ірі Gulfood 2026 көрмесінің алаңында Азық-түлік келісімшарт корпорациясы қазақстандық астық саласының экспорттық әлеуетін ұсынды. Отандық компаниялардың қатысуы ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің қолдауымен өтті.

2025 жылы Азық-түлік келісімшарт корпорациясының астық базаларынан астықты жөнелту көлемі 25%-ға өсті

2025 жылы Азық-түлік келісімшарт корпорациясының еншілес кәсіпорны – «Астық қоймалары» ЖШС – элеваторлардың тұрақты жұмысын және мемлекеттік резервті қоса алғанда, астықтың сақталуын қамтамасыз етті.

«Ақ Бидай-Терминал» арқылы астықты ауыстырып-тиеу 72%-ға ұлғайды

2025 жылы Азық-түлік келісімшарт корпорациясының еншілес кәсіпорны – «Ақ Бидай-Терминал» АҚ арқылы астықты ауыстырып-тиеу көлемі 316,5 мың тоннаға жетті.  Бұл өткен жылғы көрсеткіштен 72%-ға артық (182,1 мың тонна). 

Астанада Азық-түлік келісімшарт корпорациясының 30 жылдығына арналған конференция өтті

Астанада «Азық-түлік келісімшарт корпорациясы» АҚ-ның 30 жылдығына арналған салтанатты конференция өтті. Іс-шараға ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің, аграрлық қоғамдастықтың өкілдері, сала сарапшылары, корпорация ардагерлері және еншілес ұйымдардың қызметкерлері қатысты.

KAZAKH GRAIN & LOGISTIC FORUM Азық-түлік келісімшарт корпорациясы қолдауымен өтеді

«Азық-түлік келісімшарт корпорациясы» Ұлттық компаниясы» АҚ 2026 жылдың 3–4 ақпаныңда Алматы қаласында өтетін KAZAKH GRAIN & LOGISTIC FORUM халықаралық конференциясын қолдайды. Іс-шараны APK Inform Asia және RDL Group ұйымдастырады.