«Астық Қоймалары» ЖШС-нің директоры тағайындалды
«Азық-түлік келісімшарт корпорациясы» ҰК» АҚ Директорлар кеңесінің шешімімен 2025 жылғы 5 наурыздан бастап Марат Оразаев «Астық Қоймалары» ЖШС-нің директоры болып тағайындалды.
СЕНІМ ТЕЛЕФОНЫ
8-7172-591-284
«Азық-түлік келісімшарт корпорациясы» ҰК» АҚ Директорлар кеңесінің шешімімен 2025 жылғы 5 наурыздан бастап Марат Оразаев «Астық Қоймалары» ЖШС-нің директоры болып тағайындалды.
Астықты форвардтық және тікелей сатып алу бағдарламаларын іске асыру, сондай-ақ агроөнеркәсіп өндірушілерге тауарлық кредиттер беру 2024 жылы астық нарығын тұрақтандыруға және фермерлерді мемлекеттік қолдау көлемін ұлғайтуға ықпал етті.
«Азық-түлік келісімшарт корпорациясы» ҰК» АҚ 2025 жылғы 26 ақпанда, 2025 жылға ауыл шаруашылығы өнімдерін тасымалдау бойынша экспедиторлық қызметтерді сатып алуға, Еуразиялық электрондық порталда тендер өткізілетіңдігі туралы жариялады.
Азық-түлік келісімшарт корпорациясы «КОКЅНЕ» ӘКК» АҚ-мен 41,6 мың литр көлемінде тазартылған күнбағыс майын әлеуметтік баға бойынша сату туралы шарт жасасты. Өнім күнбағыс пен күнбағыс майын үшжақты форвардтық сатып алудың пилоттық бағдарламасы аясында алынды.
«Азық-түлік келісімшарт корпорациясы» АҚ және KAZAKH INVEST ұлттық компаниясының өкілдері қытайлық серіктестер – Fufeng Group Limited және Dalian hesheng Holdings Group компанияларымен инвестициялық келісімдерге қол қоюға дайындық шеңберінде ынтымақтастық мәселелерін талқылады. Тараптар ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеу саласында ірі жобаларды іске асыру келешегін қарастырды.
«Азық-түлік келісімшарт корпорациясы» ҰК» АҚ «Агрофирма «NurAgro» ЖШС активтерін 7 (жеті) жылға дейін бөліп төлеумен тікелей сату сату арқылы әлеуетті сатып алушылардан өтінімдерді қабылдау туралы хабарлайды.
Мал және құс шаруашылығы кәсіпорындарына жем-шөп базасын құруға жәрдемдесу мақсатында Азық-түлік келісімшарт корпорациясы жемдік астықты сатуға дайын. Мемлекеттік оператор 200 мың тонна астық көлемінде тұрақты жұмыс істейтін жемдік қор қалыптастырды.
Өткен жылы Азық-түлік келісімшарт корпорациясының еншілес кәсіпорны «Ақ Бидай – Терминал» экспортқа 182 мың тонна астық жіберді, бұл 2023 жылғы көлемнен 28% артық.
2022 жылдан бастап Азық-түлік келісімшарт корпорациясы 2000-ға жуық фермер мен ауылшаруашылық кәсіпорнына қолдау көрсетті. Ең көп саны – 832 ауыл шаруашылығы тауарын өндіруші 2024 жылы астық нарығында мемлекеттік оператор желісі бойынша көмек алды.
Азық-түлік келісімшарт корпорациясының «Астық қоймалары» ЖШС еншілес кәсіпорнының астық базалары 2024 жылы астық қабылдау көлемін екі есеге арттырды. 2024 жылғы қаңтардан желтоқсанға дейін ауыл шаруашылығы өндірушілері төрт астық қабылдау пунктінің элеваторларына 411,7 мың тонна астық тапсырды, бұл өткен жылдан 185,7 мың тоннаға артық.