«Астық қоймалары» ЖШС-нің астық қабылдау туралы ақпараты
Бүгінгі таңда «Астық қоймалары» ЖШС-нің астық базалары 214,8 мың тонна көлемінде астық қабылдады
СЕНІМ ТЕЛЕФОНЫ
8-7172-591-284
Бүгінгі таңда «Астық қоймалары» ЖШС-нің астық базалары 214,8 мың тонна көлемінде астық қабылдады
Мәжілістің Аграрлық мәселелер жөніндегі комитетінде «Азық-түлік келісімшарт корпорациясы» ҰК» АҚ қызметі» мәселесіне қатысты тақырыптық отырысы өтті. «Азық-түлік келісімшарт корпорациясы» ұлттық компаниясы» АҚ басқарма төрағасы Асылхан Джувашев бүгінде қорда 1 млн тоннаға жуық астық бар деді. Оның 500 мың тоннасы резервтік қор, 200 мың тоннасы мал жемі.
“Азық-түлік келісім шарт корпорациясы “ҰК” АҚ Басқарма төрағасы Асылхан Джувашев Qingdao Wanlin Group компаниясының Басқарма Төрағасы және негізін қалаушы Ли Янтао мырзамен кездесті. Тараптар ауыл шаруашылығы өнімдерін өсіру және өнімді қайта өңдеу тұрғысында ынтымақтастық мүмкіндіктерін талқылады.
«Азық-түлік келісім шарт корпорациясы» ҰК» АҚ Басқарма төрағасы Асылхан Джувашев ұжымды ауыл шаруашылығы, тамақ және қайта өңдеу өнеркәсібі қызметкерлері күнімен құттықтады.
Астанада Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары жөніндегі кеңестің (АӨСШК) 6-пленарлық сессиясы өтті, онда АӨСШК-ге мүше мемлекеттердің азық-түлік қауіпсіздігі саласындағы ынтымақтастығының перспективалары талқыланды. Сессияға қатысушылар, оның ішінде азық-түлік корпорациясының Басқарма төрағасы Асылхан Джувашев азық-түлік қауіпсіздігі саласындағы тәжірибелерімен бөлісті.
Қазақстан мен Ресейдің XIX өңіраралық ынтымақтастық форумы аясында «Қазіргі жағдайда азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету» тақырыбында панельдік сессия өтті. Панельдік сессияда «Азық-түлік келісім шарт корпорациясы» ҰК» АҚ Басқарма төрағасы Асылхан Джувашев Азық-түлік корпорациясының Қазақстанның азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етудегі рөлі туралы айтты.
«Азық – түлік келісім шарт корпорациясы» ҰК» АҚ Қоғамдық кеңестің мүшесі – Басқарма төрағасының орынбасары Самат Теңбаев Астана қаласының Қоғамдық кеңесі ұйымдастырған «Өңірдің азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету» тақырыбындағы диалог алаңына қатысты.
Қытайда өтіп жатқан 6-шы Халықаралық импорт көрмесі аясында Азық-түлік келісім шарт корпорациясы мен C.P.Trading компаниясы арасында әріптестік меморандумына қол қойылды. Қытайлықтар осылайша Қазақстаннан 200 мың тонна астық сатып алуға уағдаласты.
“Азық-түлік келісім шарт корпорациясы “ҰК” АҚ 50 келілік қаптарға салынған 5 665 тонна қант өнімін сатылымға шығарды.
Шанхай қаласында 6-шы Қытай халықаралық импорт көрмесі басталды. Шараның негізгі мақсаты елдердің сауда-экономикалық және инвестициялық мүмкіндіктерін паш ету, шетелдік тауарлар мен қызметтер үшін Қытай нарығын ашу.