Азық-түлік келісімшарт корпорациясының басшысы элеваторлардың 2025 жылғы егінді жинауға дайындық барысын тексерді

Азық-түлік келісімшарт корпорациясы элеваторлардың жаңа өнім жинауға барынша дайын болуын қамтамасыз ету үшін астық жөнелтуді жалғастыруда. Солтүстік Қазақстан, Қостанай және Ақмола облыстары елдің басты астық өндірушілері ретінде ұлттық оператордың назарында.

Астық тасымалдауды субсидиялау қағидаларының күші 2026 жылғы қыркүйекке дейін ұзартылды

Астық тасымалдауға байланысты шығындардың құнын арзандатуға субсидиялар төлеу қағидаларынның, сондай-ақ Агроөнеркәсіптік кешен саласындағы ұлттық компанияның астық тасымалдауға байланысты шығыстарын субсидиялау қағидаларының қолданылу мерзімі 2026 жылғы 1 қыркүйекке дейін ұзартылды.

Азық-түлік келісімшарт корпорациясы жаңа егін астығын қабылдау үшін нан базаларын босатуда

Премьер-Министрдің орынбасары – ұлттық экономика министрі Серік Жұманғариннің тапсырмасын орындау мақсатында Азық-түлік келісімшарт корпорациясы жаңа егіннің астығын қабылдау үшін элеваторлық қуаттарды босату бойынша шаралар кешенін жүргізуде.

Ауыл шаруашылығы өндірушілеріне қолдауды күшейту: астықтан майға дейін

Президенттің ауыл шаруашылығы өнімдерін өңдеуді дамыту мен өндірудің, сақтаудың және өткізудің тиімді жүйесін құру жөніндегі тапсырмасы шеңберінде Азық-түлік келісімшарт корпорациясы күнбағысты үшжақты форвардтық сатып алу жобасын іске асыруда. Биыл 19,9 мың тонна күнбағыс тұқымын жеткізуге 1,6 млрд теңгеге шарттар жасалды. Бағдарламаға Қазақстанның төрт облысынан 19 ауыл шаруашылығы өндірушілері қатысады.

«Азық-түлік келісімшарт корпорациясы» ҰК» АҚ Абай Құнанбайұлының 180 жылдығына арналған әдеби кеші өтті

Елімізде жыл сайын 10 тамызда Абай күні атап өтіледі. Биыл қазақ даласының ұлы ақынына 180 жыл толып отыр. Осы атаулы күнге орай Корпорация қызметкерлері арасында «Жүрегімнің төріндегі Абай» атты әдеби кеші өткізілді.

Азық-түлік корпорациясы 2024-2025 маркетинг жылы 1,2 млн тонна астық өткізді

«Азық-түлік келісімшарт корпорациясы» ҰК» АҚ Қоғамдық кеңесінің отырысында өткен ауыл шаруашылығы жылының қорытындысы шығарылды, ол компания үшін астық сату көлемі және бидайдың экспорттық нарықтарын кеңейту бойынша рекордтық көрсеткішке ие болды.

Азық-түлік келісімшарт корпорациясының астық базалары жаңа егінді қабылдауға дайын

Азық-түлік келісімшарт корпорациясының еншілес кәсіпорны – «Астық қоймалары» ЖШС 2025 жылғы астықты қабылдауға, сақтауға және жөнелтуге өндірістік объектілерді дайындауды аяқтады. Астық қабылдау пункттерінің материалдық-техникалық базасын қалпына келтіру және жаңғырту жұмыстары жүргізілді.

Азық-түлік келісімшарт корпорациясы жыл басынан бері 850 мың тоннадан астам астық өткізді

2025 жылдың басынан бастап Азық-түлік келісімшарт корпорациясы ішкі нарықта және экспортқа 850 мың тоннадан астам астық өткізді. Қостанай облысындағы «Астық» халықаралық астық конференциясында компанияның басқарушы директоры Тобылбек Омаров өз сөзінде осындай мәліметтерді жариялады.

Altyn Shygys зауытынан Қытайға күнбағыс майының екінші партиясы жіберілді

Шығыс Қазақстан облысының Altyn Shygys өңдеу зауыты Қытайға күнбағыс майының екінші партиясын жіберді. Экспорттық жөнелту Sinograin компаниясының мемлекеттік компаниясының тапсырысы бойынша «Азық-түлік келісімшарт корпорациясы» ҰК» АҚ және CITIC Construction Co.Ltd. қытайлық холдингі арасындағы уағдаластықтардың жалғасында өтті. Маусым айының соңында кәсіпорын 1000 тонна өнім жіберді, осы аптада ҚХР-на қосымша 2000 тонна тазартылмаған күнбағыс майы экспортталды.