Азық-түлік келісімшарт корпорациясы мен Shandong Hi-Speed Qilu компаниясы Қазақстаннан Қытайға агроөнімдер экспортын ұлғайту туралы уағдаласты

«Азық-түлік келісімшарт корпорациясы» ҰК» АҚ және қытайлық Shandong Hi-Speed Qilu Eurasia Railway Express Co.Ltd. компаниясы логистика және агроөнім экспорты саласындағы стратегиялық ынтымақтастық туралы уағдаласты. Келісімге Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі делегациясының Қытайға сапары шеңберінде қол қойылды.

Азық-түлік келісімшарт корпорациясы 2025 жылғы астық бағасын жариялайды

Аграрларды қолдау және қазақстандық астық өнімінің бәсекеге қабілеттілігін сақтау мақсатында Азық-түлік келісімшарт корпорациясы нарықтық мәндерден жоғары жаңа егіннің астық бағасын жариялайды. Бұл үрдіс соңғы төрт жыл ішінде ұлттық астық нарығының операторы форвардтық қаржыландыру бағдарламасы бойынша фермерлерден кейіннен сатып алу үшін астықтың әділ құнын белгілеген кезде байқалады.

Азық-түлік келісімшарт корпорациясы қытайлық серіктестермен агроөнімдердің цифрлық саудасының мүмкіндіктерін қарастыруда

Азық-түлік келісімшарт корпорациясы ынтымақтастықтың перспективалық бағыттарын талқылау үшін Қытай ұлттық астық сауда орталығының (China National Grain Trade Center) өкілдерімен кездесу өткізді. Олардың бірі астық өнімдерін сату үшін бірлескен Қытай-Қазақстан цифрлық платформасын құруға қатысты. 

Экспортты мемлекеттік қолдау қазақстандық бидайдың әлемдік нарықтағы позициясын нығайтты

2024-2025 ауыл шаруашылығы жылдарына арналған экспортты субсидиялау бағдарламасы бидай жеткізілімдерінің артуына ғана әсер етіп қоймай, қазақстандық астықтың әлемдік нарықтарда мойындалуына да зор  ықпал етті.

Қазақстан Өзбекстанмен және Орталық Азия елдерімен ынтымақтастықты кеңейтуге ниетті

Қазақстан Өзбекстанмен және Орталық Азияның басқа да елдерімен сыртқы экономикалық ынтымақтастықты одан әрі кеңейтуді көздейді. Бұл туралы «Азық-түлік корпорациясы» ҰК» АҚ Басқарма төрағасының орынбасары Самат Теңбаев Asia Grains\&Oils Conference in Tashkent 2025 халықаралық конференциясында сөйлеген сөзінде мәлімдеді.

Астықты тасымалдауға байланысты шығындарды азайтуға арналған субсидия төлемдерінің орындалу барысы туралы ақпарат

2025 жылғы 15 қыркүйектегі жағдай бойынша Азық-түлік келісімшарт корпорация экспорттаушылар мен астық өндірушілеріне 828,4 мың тонна бидай жеткізгені үшін 19,1 млрд теңге төледі. Оператордың атына көлік шығындарын өтеуге барлығы 553 өтінім түсті.

Корпорацияның мүлкін мүліктік жалға (арендаға) беру бойынша тендер өткізу туралы хабарландыру (хабарлама)

«Азық-түлік келісімшарт корпорациясы» ұлттық компаниясы»  акционерлік қоғамы (бұдан әрі – Корпорация/Жалға беруші) Корпорация Мүлкін мүліктік жалға (арендаға) беру бойынша тендердің өткізілетінін хабарлайды.

Қазақстан мен Ауғанстан 100 млн доллардан астам сомаға агроөнімдерді жеткізуді талқылауда

Кабулда «Азық-түлік келісімшарт корпорациясы» ҰК» АҚ өкілдерінің Ауғанстан мемлекеттік компанияларымен, жеке сектор және салалық қауымдастықтар өкілдерімен кездесуі өтті. Келіссөздерде шамамен 100 млн доллардан асатын сомаға қазақстандық бидай, майлы зығыр, жүгері, соя жеткізуге келісімшарттар жасасу перспективалары қаралды.

Астықты тасымалдауға байланысты шығындарды азайтуға арналған субсидия төлемдерінің орындалу барысы туралы ақпарат

2025 жылғы 9 қыркүйектегі жағдай бойынша Азық-түлік келісімшарт корпорация экспорттаушылар мен астық өндірушілеріне 649,6 мың тонна бидай жеткізгені үшін 14,8 млрд теңге төледі. Оператордың атына көлік шығындарын өтеуге барлығы 553 өтінім түсті.

Азық-түлік келісімшарт корпорациясы Пәкістанға астық пен күнбағыс майын экспорттауға дайын

Азық-түлік келісімшарт корпорациясы қазақстандық агроэкспорттың географиясын кеңейту үшін Пәкістанмен ынтымақтастықты арттыруға мүдделі. Бұл туралы компания Басқарма төрағасының бірінші орынбасары Ильдар Исмагулов Исламабадта өткен Қазақстан-Пәкістан ауыл шаруашылығы жөніндегі жұмыс тобының бірлескен отырысында мәлімдеді.