Азық-түлік келісімшарт корпорациясы аграрлық маусымның қорытындысы бойынша астықтың ірі ұлттық жеткізушісі болды

Азық-түлік келісімшарт корпорациясы 2024-2025 маркетинг жылының қорытындысы бойынша дәнді дақылдардың рекордтық көлемін өткізді – 1,3 млн тонна. Бұл – өткен маусымнан төрт есе көп және соңғы он жылдағы ең жоғары нәтиже.

«Азық-түлік келісімшарт корпорациясының» қызметкерлері «Ұлттық диктант» акциясына қатысты

«Азық-түлік келісімшарт корпорациясының» қызметкерлері республикалық «Ұлттық диктант» акциясына қатысып, өздерінің сауаттылығы мен мемлекеттік тілді білу деңгейін тексерді.

Қазақстандық бидайының алғашқы партиясы Арменияға жеткізілді

Қазақстандық бидай тиелген алғашқы құрам Армения Республикасына келді. Жалпы көлемі 1000 тоннаға жуық 15 вагоннан тұратын пойыз Қазақстаннан Ресей, Әзірбайжан және Грузия арқылы транзитпен жаңа логистикалық бағдарды сәтті сынады. Болашақта бұл транзиттік дәліз Ереван бағытында қазақстандық астық пен басқа да жүктерді жеткізудің тұрақты арнасына айналуы мүмкін.

Азық-түлік келісімшарт корпорациясы мен БҰҰДБ фермерлерді қаржыландыру жобасын іске қосады

«Азық-түлік келісімшарт корпорациясы» ҰК» АҚ ұлттық астық операторы және Қазақстандағы Біріккен Ұлттар Ұйымының Даму бағдарламасы (БҰҰДБ) Тұрақты агроөндіріс, егіншіліктің экологиялық тәжірибесін енгізу және Солтүстік Қазақстанның экожүйелерін сақтау (FOLUR) саласындағы ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды. Бұл бастама Жаһандық экологиялық қордың қолдауымен ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігімен және Қазақстандағы БҰҰДБ-мен серіктестікте іске асырылуда.

Азық-түлік келісімшарт корпорациясы мен NB Holding Баку астық терминалын дамыту үшін күш біріктіреді

Азық-түлік келісімшарт корпорациясы мен әзірбайжандық NB Holding бірлескен бақыланатын кәсіпорын – Баку астық терминалын (БАТ) одан әрі дамыту туралы келіссөздер жүргізді. Тараптар оның қызметін кеңейту үшін күш біріктіруге уағдаласты.

Қазақстандық бидай тиелген пойыз Әзірбайжан аумағын кесіп өтті

Қазақстанның ұлттық астық операторы Армения Республикасына азық-түлік бидайының бірінші партиясын жіберді. Жеткізу 30 жылда алғаш рет, Қазақстан мен Әзірбайжан мемлекеттерінің басшылары арасындағы уағдаластықтардың арқасында мүмкін болды.

Азық-түлік келісімшарт корпорациясы Иранның аграрлық компанияларымен ынтымақтастық перспективаларын талқылады

Азық-түлік келісімшарт корпорациясы және Иран Ислам Республикасының Қазақстандағы Сауда өкілдігі Астанада өткен KazAgro/KazFarm-2025 салалық көрмесі аясында ирандық бизнестің қатысуымен келіссөздер жүргізді.

Ауғанстан Қазақстаннан жыл сайын 1 млн тоннаға дейін жүгері сатып алуға дайын

«Азық-түлік келісімшарт корпорациясы» ҰК» АҚ Басқарма төрағасы Асылхан Джувашев хабарлағандай, қыркүйек айында ұлттық астық операторы Гераттағы Қазақстанның Сауда үйінің қолдауымен қазақстандық және ауғандық кәсіпкерлер үшін келіссөздер ұйымдастырды. Кездесу қорытындысы бойынша 100 млн доллардан астам сомаға келісімдер жасалды. Бүгінде қазақстандық экспорттаушылар жасалған келісімшарттар шеңберінде Ауғанстанға 50 мың тонна астық жөнелтті.

Moody’s Ratings агенттігі «Азық-түлік келісімшарт корпорациясы» ҰК» АҚ рейтингі бойынша болжамды «оңға» дейін көтерді

Moody’s Ratings халықаралық агенттігі ұлттық астық операторының корпоративтік рейтингінің болжамын «тұрақтыдан» «оңға» өзгертті. Бұл ретте компанияның сенімділік көрсеткіші B2 (орташа-жоғары тәуекел) деңгейінде расталды, ал дефолт ықтималдығы рейтингі B2-PD деңгейінде қалды. Компанияның негізгі кредиттік бағалауы (BCA) Сaa1 деңгейінде сақталды.

Азық-түлік келісімшарт корпорациясы фермерлерді қолдаудың канадалық моделін зерделеуге мүдделі

Азық-түлік келісімшарт корпорациясында Канада Елшілігі мен агробизнес өкілдерімен кездесу өтті. Тараптар ынтымақтастықтың перспективаларын талқылап, цифрландыру және астық сақтау саласында тәжірибе алмасты.