Армян сатып алушысы қазақстандық бидайдың сапасын жоғары бағалап, Азық-түлік келісімшарт корпорациясымен жаңа жеткізілімдерді талқылауда
Қазақстанның ұлттық астық операторы Армениядағы серіктесіне бидайдың пилоттық партиясын сәтті жеткізді. 1000 тонна көлеміндегі агроөнімдердің экспорттық партиясы 2025 жылдың қазан айында «Азық-түлік келісімшарт корпорациясы» ҰК» АҚ мен «Баграмян» ЖШҚ арасында жасалған келісімшарт шеңберінде жөнелтілді.










