«Азық-түлік келісімшарт корпорациясы» ҰК» АҚ «Агрофирма «NurAgro» ЖШС активтерін 7 (жеті) жылға дейін бөліп төлеумен тікелей сату сату арқылы әлеуетті сатып алушылардан өтінімдерді қабылдау туралы хабарлайды.
«Агрофирма «NurAgro» ЖШС активтері жалпы көлемі 1442 га жер телімдері, сыйымдылығы 13 мың тонна көкөніс сақтау қоймасы, ауыл шаруашылығы техникасы және т.б. кіретін біртұтас кешен ретінде сатылады.
Ақпаратты мына телефондар бойынша алуға болады: 8(7172)-591229 немесе 87715058675, 87020936147, сондай-ақ D.Mamutov@fcc.kz, n.zhanadil@fcc.kz электронды поштасы арқылы.
Өтініштер 2025 жылғы 14 ақпаннан 27 ақпанға дейін (қоса алғанда) сағат 09:00-ден 18:30-ға дейін қабылданады.
Әлеуетті сатып алушылардан келіп түскен өтінімдер көрсетілген күні мен уақытымен тіркелуге жатады.
Өтінім беру орны: Астана қ., Мәскеу көшесі 29/1 үй немесе Қонаев қаласы, 2 шағын ауданы, 14 үй, 27 пәтер.
Активтердің ең төменгі сату бағасы – 3 356 055 692 теңге.
Бастапқы төлем – сату бағасының 10 пайызынан кем емес.
Алғашқы төлемді жүзеге асыру тәртібі банктік аударым арқылы жүзеге асырылады.
Кепіл: сатып алынған активтер (активтердің сату бағасы толық төленгенге дейін).
Әлеуетті сатып алушы келесі талаптарға сай болуы керек:
1) тарату немесе бөліну түріндегі қайта құру процесінде болмауы керек;
2) оған қатысты банкроттық туралы іс немесе оңалту рәсімі қозғалмаған;
3) әлеуетті инвестордың мүлкіне тыйым салынбаған және (немесе) оның қызметі тоқтатылмаған;
4) соңғы 2 (екі) жылдағы оң қаржылық нәтиже;
5) салықтарды, міндетті зейнетақы жарналарын және әлеуметтік аударымдарды төлеу бойынша берешектің болмауы;
6) соңғы 24 (жиырма төрт) айда қаржы институттары алдында мерзімі өткен берешектің болмауы, мерзімі өткен берешектің/үздіксіз мерзімі 180 (жүз сексен) күннен асатын (қоса алғанда) мерзімі өткен міндеттемелердің болмауы;
7) Сатып алушыда және оның үлестес тұлғаларында (үлестілікті анықтау мүкіндігі кезінде) «Азық-түлік келісімшарт корпорациясы» ҰК» АҚ еншілес ұйымы «Агрофирма «NurAgro» ЖШС алдында ағымдағы мерзімі өткен берешектің және даулы құқықтық қатынастардың болмауы.