2024 жылы Азық-түлік келісім шарт корпорациясы өткен жылмен салыстырғанда фермерлерді форвардтық сатып алу бағдарламасы бойынша қаржыландыруды едәуір арттырды. Биыл көктемгі егістік жұмыстарын жүргізу үшін ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерді қолдауға 40 млрд теңге бөлінді. Қаражат фермерлердің шоттарына түсіп жатыр және бұл процесс аяқталуға жақын.
Өтініш берушілер арасында қаржыны әділ бөлу үшін 2024 жылғы форвардтық сатып алу бағдарламасына қатысушылардың өтініштерін облыс әкімдіктері жанындағы үйлестіру кеңестері қарастырады.
Бүгінгі таңда әлеуметтік кәсіпкерлік корпорациясы немесе екінші деңгейлі банктен кепілдік алған шаруаларға 31 млрд теңгеден астам қаражат берілді. 2024 жылғы форвардтық сатып алу бағдарламасына қатысуға өтінімдердің көпшілігі дәстүрлі түрде Солтүстік Қазақстан, Қостанай және Ақмола облыстары сияқты негізгі астық егетін өңірлерден түсті. Фермер ақшалай қаржыны жанар-жағармай, тұқым, қосалқы бөлшектер сатып алу, егістікке дайындық сияқты түрлі мақсаттарға пайдалануға болатындығын атап өткен жөн. Бағдарламаның негізгі шарты-ақшаны күзде тауарлық астықпен қайтару.
Солтүстік Қазақстан облысындағы «Династия Агро» ЖШС серіктестігі 200 гектарға жуық жасымық егіп, жақын арада бидай егуге кіріседі. Шаруа қожалығының басшысы Владимир Канның айтуынша, ауыл шаруашылығын қолдаудың арқасында ол ауылшаруашылық техникасы паркін жаңарта алды.
ВЛАДИМИР КАН, «Династия Агро» ЖШС директоры:
«Азық-түлік корпорациясымен шамамен 5 жыл жұмыс істейміз. Ауыл шаруашылығын қолдаудың және астықты форвардтық сатып алуға қатысудың арқасында біз МТЗ тракторын, 18 метрлік «Арман» серіппелі тырмасын, «Buhler 2375» тракторын, «Вектор» комбайнын өткен жылы сатып алдық. Бұл да біз форвардтық сатып алуға қатысқандығымыздың арқасы. Жыл сайын техниканы жаңартып отырамыз.»
Форвардтық сатып алуға қатысу үшін өсімдік шаруашылығында кемінде 2 жыл еңбек өтілі және әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясының кепілдігі қажет.