2024 жылы Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің және Ауыл шаруашылығы министрлігінің тапсырмасын орындау мақсатында Азық-түлік келісім шарт корпорациясы ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілердің өтінімдері бойынша азық-түлік астығын тұқым ретінде сатып жатыр.
2024 жылғы 27 мамырдағы жағдай бойынша Ақмола және Қостанай облыстарының ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерінен 5,9 млрд теңгеге 41,7 мың тонна бидайға 28 өтінім түсті. Аталған көлем шамамен 400 мың га алқапқа жетерлік тұқым.
Бүгінгі таңда Азық-түлік корпорациясы 25,5 мың тонна азық-түлік астығын тұқым ретінде шаруаларға жөнелтіп үлгерді. Қалған көлем алдағы күндері беріле бастайды. Бұл жұмыстар аяқталуға жақын.
Атап өту керек:
Ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер өөз бетінше азық-түлік корпорациясы астығының сынамасын алып, оның егіс мақсатына жарамдылығына көз жеткізіп, астықтың тұқымға жарамдылығы жөнінде тиісті қорытынды алды.
Шаруаларға азық-түлік корпорациясынан сатып алған азық-түлік астығын ішкі нарықта немесе экспортқа одан әрі қайта сатуға болмайтындығы жөнінде ескертілді және олар осы жөнінде тиісті міндеттеме алды.