«Қазақстан Республикасы аумағынан жекелеген тауарларды әкетудің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің міндетін атқарушысының 2022 жылғы 5 шілдедегі № 215 бұйрығына сәйкес «Азық-түлік келісімшарт корпорациясы» ҰК» АҚ-қа (бұдан әрі-Корпорация, Оператор) Қазақстан Республикасының аумағынан бидай әкетуге мәлімделген бидай мөлшерінің 10 (он) пайызын астық қолхаттарын ұстаушылардың мемлекеттік электрондық тізілімінде (бұдан әрі – АҚҰМЭТ) астық қолхатын сатуға арналған бұйрыққа қол қою арқылы белгіленген бағамен сатқан өтініш берушілер Қазақстан Республикасының аумағынан бидай әкетуге арналған квотаны бөлуге жіберіледі.
Корпорация жұмыс күндері сағат 9:00-ден 16:00-ге дейін өтініш берушілерден астық қолхаттарын күнделікті қабылдайды, қол қойылғаннан кейін оларды өңдеп, сағат Уәкілетті органның мекенжайына жібереді. Сағат 16.00-ден кейін келіп түскен астық қолхаттары келесі жұмыс күні өңделетін болады. Демалыс және мереке күндері түскен астық қолхаттары демалыс және/немесе мереке күндерінен кейінгі бірінші жұмыс күні өңделетін болады.
АҚҰМЭТ жүйесінде астық қолхаттары Өтініш берушінің сату бұйрығына қол қою уақыты бойынша Корпорацияның жеке кабинетіне түседі (бұрын қол қойылған астық қолхаттары тізімнің жоғарғы жағында орналасады).
Корпорация тарапынан астық қолхатын сатып алу бұйрығына қол қою Корпорацияның жеке кабинетінде астық қолхатының түсу кезектілігі бойынша жүргізіледі және осындай тәртіппен уәкілетті органға жіберіледі.
Осыған орай, Өтініш беруші әрбір астық қолхатына арналған Шартқа (бір астық қолхатына бір шарт) қол қоюы қажет.
Астықты жеткізу фактісі бойынша ақы төлеу талаптарымен Астық сатып алу шартының (бұдан әрі – Шарт ) үлгілік нысаны Корпорацияның www.fcc.kz сайтында орналастырылған.
Жоғарыда айтылғандарды ескере отырып, өтініш беруші:
- Корпорация атына АҚҰМЭТ-те астық қолхатын сату туралы бұйрыққа қол қоюға.
- Шартқа қол қоюға міндетті, бұл ретте Корпорация атына өткізілген әрбір астық қолхатына (бір астық қолхатына бір шарт) Шарт жасалуы тиіс (Өтініш беруші қол қою құқығын растайтын құжатты ұсынуы тиіс: Өтініш берушінің уәкілетті органының атқарушы органның басшысын тағайындау туралы шешімінің көшірмесі; атқарушы орган басшысының жеке куәлігінің көшірмесі, сондай-ақ Шартқа атқарушы органның басшысы қол қоймаған жағдайда – Өтініш беруші өкілінің Шартқа қол қоюға өкілеттігін растайтын құжат (сенімхат/сенімхаттың көшірмесі және сенім білдірілген тұлғаның жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі).
- Қол қойылған және сканерленген Шартты (PDF) төменде көрсетілген электрондық мекенжайға жолдауға міндетті.
- Шарттың түпнұсқасы 3 жұмыс күні ішінде ұсынылуы тиіс.
- Бұл ретте өтініш беруші Корпорация атына бидай астығын өткізу күніне дейін астық қабылдау кәсіпорнында бидай астығын сақтау бойынша барлық шығыстарды төлеуі тиіс.
- Осы хабарландыруда көрсетілген талаптар мен шарттарға сәйкес келмейтін АҚҰМЭТ-тегі астық қолхаттарын Корпорация кері қайтарады.
Бидайдың белгіленген бағасы мен сапа көрсеткіштері, бидай жеткізілетін астық қабылдау кәсіпорындарының тізімі мен мекенжайлары туралы хабарландыру Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің ресми интернет-ресурсында жарияланған күннен бастап Корпорация астық қолхаттарын қабылдауға кіріседі (www.gov.kz).
«Азық-түлік келісімшарт корпорациясы» ҰК» АҚ-тың сыртқы сауда қызметіне қатысушылардан (экспорттаушылардан) астық сатып алу шеңберінде шарттар жасасуға жауапты қызметкерлерінің байланыс деректері
Нұр-Сұлтан қ., Сарыарқа ауданы, Мәскеу к-сі, 29/3 үй (Орталық аппарат):
- Шарттар жасасу мәселелері бойынша:
- Туриспаева Алмагул Оспанкуловна- Тел. 591239, ішкі. 2375 +77015880036
- a.turispaeva@fcc.kz
- Идрисов Сағат Мұратұлы
- астық қолхаттарын басқаның атына жазу мәселелері бойынша:
- Каргин Рустем Боранбаевич – тел. (8-717-2) 59-12-46 (ішкі. 2213), сот. +7 702 008 07 03, эл. адрес: kargin.r@fcc.kz
- Тілеумағамбетов Қайрат Мырзағалиұлы