Соңғы лауазымы: Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы вице-министрі

Тілдерді меңгеруі:

  • Қазақ, орыс

Білімі, мамандығы (біліктілігі), лицензиялары:

  • Жоғары бизнес мектебі – Луис ұлттық университеті, WSB-NLU, Польша (2015). «Менеджмент» мамандығы
  • Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясы (2019). «Мемлекеттік және жергілікті басқару» мамандығы

Еңбек өтілі:

  • «Даке барлау» ЖШС кадр бөлімінің инспекторы, Алматы қ. (2011);
  • ҚР Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі Мемлекеттік материалдық резервтер комитетінің Персоналды басқару және құжат айналымы қызметінің басшысы, сарапшы;
  • ҚР Цифрлық даму, қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі Мемлекеттік материалдық резервтер комитетінің Персоналды басқару және құжат айналымы қызметінің басшысы;
  • ҚР Ұлттық экономика министрлігі Мемлекеттік материалдық резервтер комитетінің Персоналды басқару және құжат айналымы қызметінің басшысы;
  • Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі Адам ресурстарын басқару департаменті Кадр жұмысы басқармасының бас сарапшысы (11.2019-01.2020);
  • Жамбыл облысы әкімдігінің Жерді пайдалану мен қорғауды бақылау басқармасының бас мемлекеттік инспекторы – Басқарма басшысы (01.2020- 2022);
  • Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Жер ресурстарын басқару комитетінің Жамбыл облысы бойынша жер ресурстарын басқару департаментінің басшысы – жерді пайдалану және қорғау жөніндегі бас мемлекеттік инспектор (02.2022-04.2022);
  • Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы вице-министрі (25.04.2022 бастап)

Басқа лауазымдар:

  • «Азық-түлік келісімшарт корпорациясы» Ұлттық компаниясы» АҚ Директорлар кеңесінің мүшесі (27.07.2022 бастап)