«Азық-түлік келісімшарт корпорациясы» ҰК» АҚ Қостанай қаласы, Тәуелсіздік көшесі, 147 мекенжайында орналасқан, Қоғамға тиесілі бос кеңсе үй-жайларын мүліктік жалдау (жалға беру) шартымен беру бойынша тендер өткізілетінін хабарлайды.
Жалға беруге ұсынылатын кеңсе үй-жайлары:
- № 1 кабинет – 2-қабатта орналасқан, ауданы 19,2 шаршы метр;
- № 2 кабинет – 1-қабатта орналасқан, ауданы 12,6 шаршы метр;
- № 3 кабинет – 1-қабатта орналасқан, ауданы 33,8 шаршы метр.
Тендер 2026 жылғы 19 қарашада Астана қаласының уақыты бойынша сағат 10:00-де өткізіледі.
Тендерге қатысуға өтінімдер 2026 жылғы 19 қарашада Астана қаласының уақыты бойынша сағат 08:00-ге дейін кепілдік жарна түскеннен кейін Қостанай қаласы, Тәуелсіздік көшесі, 147 мекенжайында қабылданады.
Тендерге қатысушылар мөлшері кемінде бір айлық жалдау ақысына тең кепілдік жарна енгізеді. Төлем мынадай деректемелер бойынша жүзеге асырылады:
- ЖСК (IBAN): KZ786010111000331641;
- БСК (BIC): HSBKKZKX;
- Банктің атауы: «Қазақстан Халық Банкі» АҚ;
- БСН: 950440000101;
- Төлем алушы: «Азық-түлік келісімшарт корпорациясы» ҰК» АҚ.
Тендердің негізгі шарттары:
- Өткізу күні: 2026 жылғы 19 қараша;
- Өткізу орны: Қостанай қаласы, Тәуелсіздік көшесі, 147;
- Ай сайынғы жалдау ақысының ең төменгі мөлшері: ҚҚС-ты қоса алғанда, 1 шаршы метр үшін 3 000 (үш мың) теңге;
- Жалдаудың ең аз мерзімі: кемінде үш ай;
- Кепілдік жарна: кемінде бір айлық жалдау ақысына тең сома;
- Төлем нысаны: қолма-қол ақшасыз есеп айырысу.
Жалдау ақысына коммуналдық төлемдер, ағымдағы және күрделі жөндеуге арналған аударымдар, сондай-ақ объектіге қызмет көрсету төлемдері кірмейді. Аталған шығыстарды әлеуетті жалға алушы бөлек өтейді. Қалалық телефон байланысы, қалааралық және халықаралық байланыс қызметтері, сондай-ақ интернет желісіне қол жеткізу қызметтері үшін әлеуетті жалға алушы өз бетінше ақы төлейді.
Тендерге қатысуға арналған өтінімнің құрамы
Тендерге қатысуға арналған өтінімде мынадай құжаттар болуы тиіс:
1) Қатысушының тендерге қатысуға келісімін, тендер шарттарын орындау және тиісті шарт жасасу жөніндегі міндеттемелерін қамтитын тендерге қатысуға арналған өтінім;
2) Тендер шарттары бойынша ұсыныстар салынған жабық конверт;
3) Қатысушының мәртебесіне қарай мынадай құжаттар:
- Заңды тұлғалар үшін: заңды тұлғаның мемлекеттік тіркелгені (қайта тіркелгені) туралы анықтаманың немесе куәліктің көшірмелері, құрылтай құжаттары (құрылтай шарты және/немесе жарғы). Құжаттардың түпнұсқалары салыстырып тексеру үшін міндетті түрде ұсынылуы тиіс немесе олардың нотариат куәландырған көшірмелері беріледі;
- Жеке кәсіпкерлер үшін: жеке кәсіпкердің мемлекеттік тіркелгені туралы куәліктің көшірмесі және жеке тұлғаның жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі. Түпнұсқалары салыстырып тексеру үшін міндетті түрде ұсынылуы тиіс немесе құжаттардың нотариат куәландырған көшірмелері беріледі;
- Жеке тұлғалар үшін: жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі. Құжаттың түпнұсқасы салыстырып тексеру үшін міндетті түрде ұсынылуы тиіс немесе оның нотариат куәландырған көшірмесі беріледі.
4) Акционерлік қоғамдар үшін – бағалы қағаздарды ұстаушылар тізілімінен үзінді көшірме;
Жауапкершілігі шектеулі серіктестіктер үшін – серіктестікке қатысушылар тізілімінен үзінді көшірме (егер серіктестікке қатысушылардың тізілімі жүргізілетін болса);
5) Шетелдік заңды тұлғалар үшін – мемлекеттік және орыс тілдеріне нотариаттық тәртіппен куәландырылған аудармасы бар құрылтай құжаттары;
6) Кепілдік жарнаның аударылғанын растайтын төлем тапсырмасының түпнұсқасы;
7) Қатысушының салық берешегінің жоқтығы туралы өтінім берілген күнге дейін бір айдан ерте емес мерзімде берілген салық органының анықтамасы;
8) Екінші деңгейдегі банкте ағымдағы шоттың бар екендігі туралы анықтама.
Бірнеше кеңсе үй-жайын жалға алуға бір өтінім беруге рұқсат етіледі.
Өтінім еркін нысанда жасалады және онда тендерге қатысушының тендер шарттарымен келісетіні, сондай-ақ тендер шарттарында белгіленген мерзімдерде шарт жасасу міндеттемесі көрсетілуі тиіс.
Өтінімдер екі конвертпен қабылданады. Сыртқы конвертте осы хабарландырудың 1), 3) және 8) тармақтарында көрсетілген құжаттар болуы тиіс. Ішкі конвертте тендерге қатысушының ұсыныстары болуы тиіс. Өтінім тапсырылған сәтте ішкі конверт жабық және қатысушының мөрімен (пломбасымен) бекітілген болуы қажет.
Өтінімдер тендерлік комиссияның хатшысына құжаттар тігілген, беттері нөмірленген және соңғы бетіне қол қойылып, мөр басылған түрде (жеке тұлғада мөр болған жағдайда) тапсырылған кезде қабылданады.
Тендер жеңімпазын анықтау тәртібі
Тендердің жеңімпазы кеңсе үй-жайын жалға алу үшін ең жоғары жалдау ақысын ұсынған қатысушы болып танылады.
Қатысушылар ұсынған жалдау ақысының сомалары бірдей болған жағдайда, тендерлік комиссияның шешімі бойынша тендерге қатысуға өтінімді бұрын тіркеген қатысушы жеңімпаз болып танылады.
Тендерге қатысу тәртібі бойынша сұрақтар туындаған жағдайда мына мекенжайға хабарласуға болады:
Қостанай қаласы, Тәуелсіздік көшесі, 147, телефондар: 8 (7142) 542-820, 531-144.
Кабинет 1

Кабинет 2

Кабинет 3


