Азық-түлік корпорациясында сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс қызметі құрылды. Тәуелсіз бөлімше компания қызметкерлерінің сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы заңнаманы сақтауын қамтамасыз етеді, сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтайды және жояды, сондай-ақ компания қызметкерлерінің нарықтағы жауапты мінез-құлқын қалыптастырады.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат тұжырымдамасы Азық-түлік корпорациясының орталық аппараты бөлімшелерінің, оның өкілдіктері мен еншілес компанияларының басшыларының қатысуымен өткен кеңесте талқыланды.
Азық-түлік корпорациясының Басқарма Төрағасының пікірінше, мұндай ашық қызмет компанияның барлық облыстық өкілдіктерінде құрылуға тиіс, ал комплаенс қызметінің құрылуы басқарудың барлық деңгейлерінде сыбайлас жемқорлықтың пайда болуына жол бермейді.
Асылхан Джувашев Азық-түлік корпорациясының барлық еншілес ұйымдарында осындай қызмет құруды және компанияларды сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша «жедел желімен» қамтамасыз етуді, сондай-ақ қызметкерлер арасында түсіндіру жұмыстарын ұйымдастыруды тапсырды.
Сонымен қатар, ол комплаенс-офицерге корпорация мамандарының қызмет көрсету кезіндегі бұзушылықтарды анықтау үшін форвардтық сатып алу және тауарлық несиелеу бағдарламаларына қатысатын контрагенттерге үнемі телефон арқылы сауалнама жүргізып отыруды ұсынды.
Комплаенс ішкі бақылаудан басқа, қызмет анықталған бұзушылықтар мен сенім телефонына түскен шағымдар бойынша тәуелсіз тексерулер жүргізетін болады.
Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық фактілері туралы +7 (7172) 591-284 нөмір бойынша немесе 591284@fcc.kz электрондық поштасы арқылы хабарлауға болады.