«Азық-түлік корпорациясы» ҰК» АҚ (бұдан әрі – Корпорация) форвардтық сатып алу шарттары бойынша ауыл шаруашылығы өнімін қайтаруды қамтамасыз ету шеңберінде келесі бағаларды жариялады:
- қатты бидай – 125 000 теңге ҚҚС-пен;
- майлы зығыр тұқымы – 180 000 теңге ҚҚС-пен;
- рапс –180 000 теңге ҚҚС-пен.
Корпорация нарықтың ағымдағы конъюнктурасына сәйкес әділ нарықтық бағаны белгіледі.
Төлем шарттары: Корпорация белгілеген астық қабылдау кәсіпорындарына жеткізу фактісі бойынша.
Күнбағысты сатып алу бағасы кейінірек жарияланатын болады.
Зиянкестермен залалдануына жол берілмейді.
Форвардтық сатып алу шарттарын орындау бойынша қосымша ақпаратты келесі мекенжайлар бойынша ала аласыз:
- Ақмола облысы: Көкшетау қ., Нұрсұлтан Назарбаев даңғылы, 19, тел.(8-716-2) 55-11-51, 55-11-54, 55-11-52, 42-25-22;
- Шығыс Қазақстан облысы: Өскемен қаласы, Бейбітшілік к-сі, 30, 206 кеңсе, тел. (8-723-2) 25-44-77, 56-06-57;
- Қостанай облысы: Қостанай қ., Тәуелсіздік к-сі, 147, тел. (8-714-2) 53-11-44, 53-39-64, 53-29-12;
- Солтүстік Қазақстан облысы: Петропавл қ., Партизанская к-сі, 160, тел. (8-715-2) 42-27-24, 42-27-23, 42-26-36.